Бейбітшілік-ғаламдағы адамзат үшін ең құнды қазыналардың бірі.Біз татулығы жарасқан елде ғұмыр кешудеміз.Себебі,Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері ынтымақтастықта тұрады.Біз,қазақтар,өзге ұлт өкілдерімен жанжалдаспай,керісінше олардың тілімізді,мәдениетімізді үйренуге деген құлшыныстарын қолдаймыз.Мысалы,біздің көршілеріміздің ұлты - кәрістер.Әрине,мәдениетіміз бен тілімізде үлкен айырмашылық бар.Алайда,біз олармен жақсы қарым-қатынастамыз.Олар қазақ тілін үйрену үстінде.Біз де олардың мәдениетінен біршама нәрсені үйреніп жүрміз.Осының барлығы біздің адамдар қай ұлт өкілдері болмасын олармен арадағы бейбітшілікті сүйетіндігіміздің айғағы.
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде». Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі». Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында Қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.
Біз бейбітшілікті сүйеміз.
Бейбітшілік-ғаламдағы адамзат үшін ең құнды қазыналардың бірі.Біз татулығы жарасқан елде ғұмыр кешудеміз.Себебі,Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері ынтымақтастықта тұрады.Біз,қазақтар,өзге ұлт өкілдерімен жанжалдаспай,керісінше олардың тілімізді,мәдениетімізді үйренуге деген құлшыныстарын қолдаймыз.Мысалы,біздің көршілеріміздің ұлты - кәрістер.Әрине,мәдениетіміз бен тілімізде үлкен айырмашылық бар.Алайда,біз олармен жақсы қарым-қатынастамыз.Олар қазақ тілін үйрену үстінде.Біз де олардың мәдениетінен біршама нәрсені үйреніп жүрміз.Осының барлығы біздің адамдар қай ұлт өкілдері болмасын олармен арадағы бейбітшілікті сүйетіндігіміздің айғағы.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/115-ana_tili.html
© www.ZHARAR.com