Задание: Әр шаққа 5 мысал етістікті сөз теріп жазып жасалу жолын анықта. Текст:
Қазір әлемде миллиондаған адамдардың сауықтыру жүгірісімен айналысуы кездейсоқ емес. Оларға ғылым да көп көңіл бөлуде. Дені сау адам күнделікті 15-20 минут, жалпы қосқанда 3-4 километрден кем емес жүгіруі қажет. Жүгіру үшін ерекше шектеулер жоқ, тек ағзаның жасы мен жағдайын ескере отырып мөлшерлеу керек.
Зерттеулер көрсеткендей, марафондық дистанцияға жүгірушілердің жүрек қантамырлары басқа адамдарға қарағанда неғұрлым кең. Жүйелі жүгіру әсері арқасында жүрек еті екі реттен артық үнемі жұмыс істейді: тіндердің оттегіні қолдануы өседі, қанның қысымы түседі, пульс жиілігі 40-қа дейін және одан да төмендейді.
Қалай жүгіру керек ?
Жүгіруді маманданбаған спортшыларға қысқа 5-10 минуттық жаттығулардан бастау керек. Неғұрлым жүгіру дистанциясы ұзақ болса, соғұрлым жаттығуды қысқа жасайды. Жаттығудан кейінгі үзіліс 5-10 минуттан аспауы керек, әйтпесе пульс бастапқы қалыпқа келеді де, барлығын қайта бастауға тура келеді. Жаттығу бұлшық еттерін қыздыруға, тынысты және қан айналысты күшейтуге қажет. Жаттығу шаршауды тудырмау керек. Күш түспейтін бірнеше физикалық жаттығулар қажет. Тізе, жамбас- сан, шынтақ және иық буындарын уқалап жаттықтыру керек. Көптеген жүгірушілер жаттығуды шектеп, оның орнына жүгіруді аз белсенділікпен бастап және кейін оны біртіндеп өсіргенді қалайды. Бұл жерде үлкен қате жоқ, бірақ жаттығудан бас тартуға болмайды. Егер бірден жүгіруден бастаса, онда бұлшық ет жүйесінің белсенділігі біркелкі дамымайды: алдымен аяқтар және сосын иық белдеуі дамиды. Жаттығулар бірден барлық бұлшық ет жүйесін қызметке келтіреді.Одан кейін дистанцияға шығамыз.
Дистанцияны жорғақ жүгірістен бастау керек. Тек белгілі уақыттан кейін ғана екпінді жүгіріске көшуге болады. Бұған қатысты екі әдіс бар: бір қалыпты және бірқалыпты-жеделдетілген. Жүгіру басында ырғақты бір қалыпта жүгірген дұрыс. Жүгірумен айналыссаңыз, дистанцияның екінші жартысында жүгіруіңіз еріксіз жеделдейді. Бұған кедергі жасамаңыз, бірақ артық түсіруге күштің соңынан қууға тырыспаңыз, өзіңіздің жағдайыңызға және жүрек соғуыңызға қараңыз. Әлсіз адамдар бастапқы кезеңінде жүгіруді және жүруді кезектестіруге болады, бірақ бірнеше уақыттан кейін жүрудің уақытын азайтуды, сосын біртіндеп оны болдырмауы керек.
Тазалықты жай ғана қарапайым сөз емес, үлкен ұлағатты, мағыналы сөздердің бірі ретінде қарап түсінуіміз қажет. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі.Қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанла қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себептіде жылда күз бен көктем мезгілдерінде мектеп ауласын тазалау сенбілігі болып тұрады. Барлық сыныптар мектеп ауласын бөліп алып, өздеріне белгіленіп берілген аумақты тазалап, гүлдер мен ағаштардың арасындағы арам шөптерді жұлып, тазалаймыз. Көшедегі су ағатын арықтарды да тазалап, егістікке баратын судың жолын ашамыз. Мұнын бәрі тазалықтың тармақтары. Бақытты өмір сүргіміз келсе әркезде де таза болып жүрейік.
Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске боялғандай. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды. Айнала қандай тамаша десеңізші!
Ағаштардың сары, қызыл, қоңыр жапырақтары — күздің айрықша белгісі болып келеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған.Егіншілер астықтарын жинап алып, қыстың қамына кірісіп те кетті.Осы бір табиғаттың тылсым дүниесіне таң қаласың. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Менің жаныма ең жақын осы бір күз мезгілі. Адам қандай болсын бір кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау.
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай.Себебі күз -молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. Яғни жемістер, көкеністер пісіп, балалар сабаққа барып абыр- сабыр болып жатады. Таңертеңгі көріністі айтсаңшы ,шөптің бетін моншақтаған су басып мөлдіреген тұрады. Айналама зер сала қарасам таиғаттың өзі алтын түстес. Абай атамыз жырлағандай күзде келді. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,Күз болып дымқыл тұман жерді басқан -деген өлең жолдары дәл айтылғандай.