ЗАДАНИЕ No4 ВРЕМЯ НА ВЫПОЛНЕНИЕ : 00:00 ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Мәтінді мұқият тыңдап , берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз . Жаз ортасына жақындаған кез болды Көксерек үлкейді және семірді , бірақ үлкейiсi даладағыдай емес , бәсеңдеу . Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес . Осы уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді . Бірде - бір ит мұны дос көрмейді , маңына жақындатпайды . Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды . Өзге көп ит те ырылдап үріп , кейде тап беріп , әр жерінен тістеп тартып кетеді . Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді , бірақ ержете бастаған сайын иесі көз жазып қала берді . Сұрақта 1. Көксеректі қалай суреттейді ? 2.Көксеректі қандай иттер тістеп тастайтын ?
1.Көксерек үлкейді,семірді бірақ ауылдағы құрбы күшіктеріне қарағанда үлкен емес.
2.Көксеректі қасқырға шабатын иттер талап,ауылдағы иттер көрсе ырылдап үріп,кейде тап беріп,әр жерінен тістеп тастайды.