Өз өлкеңнің экономикалық қызметі 2
Есепті оқы. Есепті шығару жоспарына қара. Оны шығар.
Аймақта тігін фабрикасы бар. Балалар осы фабрикаға саяхат
жасады. Олар шалбар мен кофтаның әрқайсысына бірдей мөл-
шерде мата жұмсалатынын білді. Сол күні 8 шалбар, 5 кофта
тігілді. Кофтаға қарағанда шалбарға бм мата артық жұмсалған
болса, онда тігілген барлық шалбар мен кофтаның әрқайсысына
қанша метр мата кетті?
8 шалбар
Одана артық
5 кофта
6м артық
- Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз.
- Неліктен?
- Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді.
- Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә?
- Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды!
- Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе?
- Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек.
- Ал ауаны қалай ластамауға болады?
- Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру.
- Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар?
- Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады.
- Оттегі деген не?
- Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады.
- Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой.
- Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.