В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
vikaganzha
vikaganzha
29.10.2020 07:38 •  Қазақ тiлi

Өзіңді тексер! 1. Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңдер
Сен бір артық көркемсің.
ә) бір;
б) артық; в) жоқ;
г) көркемсің.
2. Есімді сөз тіркесін көрсетіңдер.
а) біліміне таңғалды; б) кеше келді:
г) көп ойланды.
ә) әнді тыңдады;
в) бесінші сынып;
3. Лепті сөйлемді анықтаңдар.
Па! Шіркіннің сөзі!
в) Қандай айғақ таптыңыз?
ә) Мынау қоян жепті ғой. г) Ертең қызық болады.
б) Не күдігіңіз бар еді?
4. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңдер.
а) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
а a)
ө) Ауылға ақындар келді.
б) Мен шебер бола алар ма екенмін?
в) Осы жағдай сенің де есіңде болсын,
г) Мәселесі шешілді.
5. Сұраулы сөйлемді көрсетіңдер.
а) Осының бәрі рас.
ә) Беу, шіркін, таудың күйі, тастың күйі!
б) Адамнан мықты не бар екен?
B) Бала қарсы айтуға сөз таба алмады.
г) Оралым менің, Оралым.
6. Айтылу түрлеріне қарай сөйлемдердің неше түрге бөлінетінін
анықтаңдар.
а) 1;
ə) 2; 6) 3; B) 4; ) 5.
7. Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңдер.
а) іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді;
ә) жетек сұрақтар арқылы жасалған сөйлем;
17​

Показать ответ
Ответ:
datskivvera1
datskivvera1
01.12.2021 17:01

Қазақ дастарқанының ерекшелігі.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
mihailsokolenk
mihailsokolenk
18.10.2021 06:02
Біз, адамдар көбіне «Бақыттымын» деп айтпаймыз. Сол сәт біздің бақытты шағымыз екенiн де біле бермейміз. Уақыт өте келе барып, сол күндердің бақытты шақ екенін байқаймыз. Көңілімізге сәл қаяу түссе, өзімізді бақытсыз сезінеміз, өз өміріміздегі, жеке басымыздағы шешімі табылмай жүрген маселелерді ғана ойлап, абыржу хәлін тудырамыз. Осы тұста жиырмасыншы ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризміне тоқталсақ: «Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебi, басымыздағы бақытымызды тіршілікпен алысып жүріп, байқамауымызда». Бақыт - атақ та емес, мансап та емес. Байлық, әр жанның түсінігінше әрқалай. Мысалы, ата-ана үшiн - баласының амандығы, мүгедектер үшін - денсаулық амандығы, зағиптар үшін - әлемнің жарығын бip көру. Ал, мен ушін бақыт - ата-анамның және бауырларымның амандығы, үміттерін ақтап, оқуымды аяқтап, өз бетіммен жұмыс жасап, еңбегімнің жемісін ата-анама таттыру. Міне, осының өзі мен үшін бip бақыт болып саналады. Сондыттан, Д. Корнегидің мына сөзін ұмытпағанымыз абзал: «Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз». Иә, өзімізді бақытты кылатын өзіміз. Бақытты болыңыз! 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота