Қызықты жаз Көктем келіп, күн жылынып, барлық тіршіліктер
жандана бастайды. Әрқайсысы ӨЗ еріктерімен 03
білгендерін істеуде. Жұлдызқұрт, Көбелек, Қоңыз үшеуі жаз
уақытында жақсы демалу үшін с лагерге барады.
Жәндіктердің жиналғаны сонша, лагерь ауласындағылар
көңілді жүр.
Жұлдызқұрт екі күндей үнсіз жүріп, үшінші күні жылайды.
Тәрбиеші:
- Жұлдызқұрт, сен неге жылап отырсың? – дейді.
- Мен анамды, бауырларымды сағындым үйге қайтқым
келеді, -дейді.
Тәрбиеші:
-Әне қоңыз, көбелек көңілді жүр, сенен басқа ешкім
жылаған жоқ, – дейді.
Аз уақыттан соң Жұлдызқұрт жылауын қойып ойнап кетеді.
Бір уақыттан соң қоңыздың көңілі де босап жылайды. Үй
ішін сағынғанын айтады. Бұларды көрген көбелектің де
көңілі босап көзі моншақтап жылайды.
Тәрбиеші:
-Көбелексаған не болды?- десе.
Көбелек:
-Мыналар неге жылайбереді.
Оларжылағасынмендeжылапотырмын, -дейді.
Сөйтіпкөбелектіңсөзiнебарлығыдуласыпкүледі.
СоданКөбелек, Жұлдызқұрт, Қоңызкелгендердiжұбататын
да, бірге ойнапкуантатын да соларболғанекен.
Мәтіннен ауызекі сөйлеу тілінде ,Мәтіннен жазба стильге тән байланысты 2 сөйлем жазыңыз
керек
Достық туралы
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:
«Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халқымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.
Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.
Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.
Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;
Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.