Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.
Осы уақытқа дейін қол жеткізілген барлық табыстар бір төбе болғанда, кешегі өркениеттің көшбасшысы атанып жүрген еуропалық елдердің аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін құрған ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын барлық 56 мемлекеттің басшылары саммитінің Астанада өткізілгендігі жеке-дара бір төбе табыс болды. Оның қаншалықты маңызды екендігінің тереңіне кәрі тарих ғана бойлап, бағасын беретін болады. Бүгінгі күні біз оның маңызы мен терең сипатына қанша ұмтылсақ та бәрібір бойлай алмаймыз.
16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 20 жылға таяу уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналыдық.
Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз қабылданып, ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз біліктіліктерін көрсете білді. Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазіргі сот саласының айырмашылығы жермен көктей. Техника мен өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз қарыштап дамуда. Алға қарай ілгерілеу мақсатында судьялар мен сот мамандырына қажетті жағдайлар жасалып, сот мәжілістерін өткізу заманауи техникамен жабдықталып өткізілуде. Әрбір сотқа қатысушы тараптар сот шешімдерін ғаламтор арқылы оқи алады. Қазіргі техниканың дамыған заманында заңды білмейтін азамат кемде-кем. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады.
Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Коғамы пайда болғаннан бастап оның мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен санасуға тура келді. үлы ғабит мүсірепов жазып кеткендей: "мал бауырында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, болса, қоғамның шылауында өседі" емес пе? ! бұл қажеттілік әрі карай ң қоғамдық парыз-міндеттерін орындаумен ұштасады. арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды ілік-имандылық тұрғысынан реттеудің шартты қағидалары болып әдеп-инабат нормалары қалыптасты. әдептілік коғамдык жағдайды біркелкілікке түсіріп, халыктың өзіндік таным-түсінік (ерекшелігін, өмір сүру тәсілі мен стилін қалыптастырады. халық өзіндік болмыс-бітімін ұлттық әдептілік негіздері арқылы сақтайды. қазақ халкының төлтумалылығы, ерекше бітімі, «әмбебаптығы, міне, оның әдептілік қағидаларында жатыр. әрбір ұлт өзінің рухани-психологиялык тұрпатын сақтап қалғанда, үлттық-мәдени игіліктерін алғанда ғана өзге елдермен терезесі тең әріптестер ретінде ынтымақтастықта бола алады. халқымыз бұл орайда өзге ған елдердің білім мен технологиясына қақпасын теріс жаппай, олардан өркениеттілік әдебін ала отыра, өзіндік болмыс-бітімін сақтап калды. қоғамның әрбір мүшесі әлеуметтік өмірде қолданылып жүрген мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс. ал, ол нормалар: қоғаммен және отандастарыңмен санас, оларды құрметте, өзіңмен басқалардың қалай қарым-қатынас жасағанын каласаң, өзінді де нақ солай ұста деген ұстынға негізделеді. ң ішкі жан-дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет-әлпетінен, сондай-ақ, тұлға-мүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады. оның ішкі жан-дүниесі бай болса, оған мінез-құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді. халқымыздың қоғамдық моралында арасындағы шынайы . катынастар: тең құқықтық пен жолдастық, өзара сыйластық және жақын ға камқорлық жасау қатынастары көзделеді. мінез-қүлық ережелерінің негізіне нақ осы талаптар алынған. ң орындауға тиісті әдеп нормалары олардың өз еркімен, өз мүдделер сыйысымдылығын және ортақ қоғамдық мүдделерін ескере отырып, өздері келісіл жасаған дүниелері болып табылады. сондықтан өзі өмір сүріп отырған қоғамдық жүйеге сыйымды болғысы келген , алдымен, сол кағидаларға, нормаларға мойынсұнуы керек. қоғамда бір ға жүктелген міндет басқа ң міндетімен тікелей байланысты. бұл тізбекті зәрулік - қоғамдық құрылыс. оның әрбір ң әдептілігіне тікелей қатынасы бар. олай болса, қоғамға зиян тигізбеу үшін әрбір басқа ға нұқсан келтірмеуі қажет. яғни бір ң әдептілікті бұзуы қалғандарға міндетті түрде әсер етеді. бұл егер жалпы халықтық сипат алса, онда ол қоғам тығырыққа тіреледі, берекесі қашады. сондықтан әдептілік нормаларын орындай отырып және оның талаптары негізінде өмір сүре отырып қана коғамның сенімін ақтай алады. олай болса, тірі пендеге жамандық жасамау, кісі көңілін себепсіз калдырмау, ға жазықсыз жапа шектірмеу қоғам үшін аса қажетті әдептілік іс болып табылады. аталарымыз: "жақсылық қолыңнан келмесе, жамандык жасаудан сақтан. өйткені жамандық қашан да қайта айналып иесін табады", — деп бекерге айтпаған ғой. қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. ал тәртіптің бастауы — әдеп. өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. сол себепті де " әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. қоғамдағы ең бағалы — әдепті . әдепті - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. бір ң қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. халыктың: "бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, арасын ілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. сондыктан да ң әдептілігі оның арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. халық: "жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.
Осы уақытқа дейін қол жеткізілген барлық табыстар бір төбе болғанда, кешегі өркениеттің көшбасшысы атанып жүрген еуропалық елдердің аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін құрған ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын барлық 56 мемлекеттің басшылары саммитінің Астанада өткізілгендігі жеке-дара бір төбе табыс болды. Оның қаншалықты маңызды екендігінің тереңіне кәрі тарих ғана бойлап, бағасын беретін болады. Бүгінгі күні біз оның маңызы мен терең сипатына қанша ұмтылсақ та бәрібір бойлай алмаймыз.
16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 20 жылға таяу уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналыдық.
Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз қабылданып, ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз біліктіліктерін көрсете білді. Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазіргі сот саласының айырмашылығы жермен көктей. Техника мен өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз қарыштап дамуда. Алға қарай ілгерілеу мақсатында судьялар мен сот мамандырына қажетті жағдайлар жасалып, сот мәжілістерін өткізу заманауи техникамен жабдықталып өткізілуде. Әрбір сотқа қатысушы тараптар сот шешімдерін ғаламтор арқылы оқи алады. Қазіргі техниканың дамыған заманында заңды білмейтін азамат кемде-кем. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады.
Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Тағы керек көмек болса айтыңыз♡