Ол 1916 туылды. Байқап қарасақ ақын, ұлт азаттық қозғалыс кезінде туылған. Келесі жылы ақпан төңкерісі болды. Бұнымен қатар әлем тарихында І дүниежүзілік соғыс болып жатты. Баубек соғыстан соң, ашаршылықты қазақтардың қалай басқа елге үдере көшкенін көріп өсті. Бойындағы өр намысының жетегінде қазақтарды өзге жаудан қорғайтын адам болғысы келді. Бірақ біршама себептерге байланысты әдебиет өкіліне айналды .Ол алдымен Лениншіл жас газетінде әдеби қызметкер болды. Содан соң Қазақстан пианері газетінде бөлім меңгерушісі болды.Ақырында 1940 жылы кеңес армиясы қатарына шақырылып, Мәскеу училищесінде оқуын бастайды.Араға жыл салып, Ұлы Oтан соғысына алғашқылардың бірі болып қатысты. Оның соғыстағы отаншылдық еңбегі ата-дәстүрінің жалғасы секілді. Себебі, әкесі Бұлқыш Амангелді Иманов бастаған көтерілісіне қатысқан. Бауьектің отанын қорғағысы келгендегі себебінің бірі осы.«Менің жастығым а ң қызметіне берілді» деп соғыста жүрген күндерінің әрбір минутымен, сағатын халық бақыты жолында жұмсаған еді. Ол өмір сүрген заманын қызыға жырлайтын. Міне, өз еліне а ң бақытына жас өмірін берген. Баубектің мына жинағы оның дәл өзі сияқты жас лебімен өмір сүру тілегімен кең алған демімен қайрат жігерімен келген еңбекті Баубек былай деп әбден дұрыс болжап жазған екен. «Жақын арада мен бір жас ақынның соғыста өлгенін көрдім. Ол соғыста батырларша алысты да, батырларша өлді. Өлер алдында есіне Байрон түсіп кетті де, жазу дәптерін баспаға тапсыруға бізге берді. Дүниемен қоштасып, кезеңде өлеңдерінің өмір сүруін ойлады. Соны үміт етті. Оның өлгеннен кейін де өмір сүргісі келді. Ол өмірі – жұрт оқитын өлеңдері», - деп еді. Бұл пікірді ақын-жазушы Сейдолда Төлешов қалдырған еді.Қорыта келгенде, егер біз Баубек Бұлқышевтың мұра қылып, бізге қалдырған өлеңдерімен поэмаларын санамызға тоқуымуыз керек.
Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі [1,25 б]. Ал, осы екі қас қасиет те бір басына сыйып, бағына біткен қазақ елінің асылы,ақберен ақыны-Махамбет Өтгемісұлы.
Азаттық үшін алысқан, елі үшін егескен арыстан бабамыз Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Рухы биік жырлары ақынның атадан туған аруақты ер екенін дәлелдей түседі. Тарихшы ғалым Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі-рухани ұстазымыз, бірі-рухты ұранымыз» деп, Махамбеттің өзгеше жан екенін сөз етті.
Жалынды ақын,намысшыл ержүрек жауынгер өзінің қысқа да жарық отты өмірін жан тəнімен халқына арнап,еркіндік идеясы мен əділеттілікті ұран етіп,найза ұшын,қалам құдыретін шебер ұштастырды. Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сəтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мəдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тəрізді. Егер, Қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып, ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық естуге болады. Махамбет – жорық жырауы. Сол Ұлы бабаларының дəстүрін жалғастырған, рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Ауыз əдебиетінің тереңінен сусындаған, өзінің бойына халықтық дəстүрді терең сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен əділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды [2,132 б].
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Өз халқын, елін, жерін сүйген нағыз ердің басты мақсаты-ел басына күн түскенде «Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу...» еді. Бойына туа біткен қайсарлығы арқылы досы Исатаймен біріге отырып, тәуелсіздік туын алғаш көтерді. Елінің азаттығы үшін ақберен ақын қаһармандық қасиеттерін ұрпаққа үлгі етті, өзінің өткір тілді өрен жырларымен оларды күреске үндеді. Күрес-Махамбет поэзиясының негізгі тақырыбы болып табылады. Ол қазақ әдебиетінің ұлы мұхитындағы өзгеше бір сырлы арал. Өзінің «Мұңайма» өлеңінде хан әскерлерінің халыққа көрсеткен қиянатын айта отырып, жасымауға, берік болуға шақырады.
Ақ жұмыртқа сары уыз
Әлпештеп қолдан өсірген
Туған ұлдан не пайда-
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса,-деп, болашаққа зор үмітпен қарайды. Қолына қару алып, ата жауға қарсы тұратын ұлдарға үміт артады. Ал «Бағаналы терек жарылса» өлеңінен дауылпаз ақынның халық кегін қуатын, теңдікті сұрайтын ұлды армандағанын көреміз:
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір ақ тусайшы
Халықтың кегін қусайшы
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға...
Міне, Махамбет ақынның осындай рухты, алмастай өткір жырлары халық санасына сахара тұрмысының мәңгілік алауындай шуақ беріп, жігерлендіреді, намысын оятады[3,145
Көмектестім деп ойлаймын!?
1 жауап
Терранова 8.10.2017 жауап берді