В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
sasha11225
sasha11225
05.08.2020 06:18 •  Қазақ тiлi

ысқарған сөз қатысқан қатарды табыңыз.
А) Ата-анасымен сөйлесті.
В) Талдықорғанда тұрады.
С) Аққулы көл.
Д) Күні бойы ойнайды.
Е) Педколледжге барды.
17. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
А) Қалпақты
В) Өте жақсы
С) Үп-үлкен
Д) Көгірек
Е) Тым әдемі
18. Тыныс белгісідұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А) Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады.
В) Рабиға біресе маған, біресе, Әмірге қарады.
С) Рабиға біресе, маған біресе Әмірге қарады.
Д) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге, қарады.
Е) Раибға біресе маған, біресе Әмірге қарады.
19. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Ол да, ол тұрған село да жас еді.
В) Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс.
С) Саят өте еңбекқор еді.
Д) Пайда, мақтан – бәрі тұл.
Е) Қар суы да, жаңбыр суы да – соның ырысы.
20. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ойын аяқталған соң, Аяштар қайтуға кірісті.
В) Музыканы мен жастайымнан жақсы көрдім.
С) Ана мен баланың бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты.
Д) Біз жөн сұрап, тез шүйіркелесіп кеттік.
Е) Данияр алдыңғы күні Мәскеуден келіпті.​

Показать ответ
Ответ:
Lololoshka98
Lololoshka98
28.12.2022 12:10

«Масғұт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны.Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бұның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалап тұр.

Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт.Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді.2) Дастан 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған. Алгаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта толық емес күйінде, кейін толық түрінде 1939 жылғы басылымда жарияланды. Шығарма басылымдарында аздаған текстологиялық өзгөрістер кездеседі.Поэма ағылшын, азербайжан, араб, қарақалпақ, қырғыз, қытай, латыш, орыс, өзбек, татар, үйғыр тілдеріне аударылған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Рахаумник
Рахаумник
17.03.2022 17:23

Дыбыстық талдау.

Дыбыстық (фонетикалық талдау) - сөздерді дыбыс, буын түрлеріне қарай талдау.

1. Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:

а - жуан, ашық, езулік дауысты;

ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты;

о – жуан, ашық, еріндік дауысты;

ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты;

е - жіңішке, ашық, езулік дауысты;

ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;

ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;

ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;

і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;

у - жуан, қысаң, еріндік дауысты;

и - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;

э – ашық, езулік дауысты; (орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі).

2. Дауыссыз дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:

б – ұяң дауыссыз;

в - ұяң дауыссыз;

ғ - ұяң дауыссыз;

д - ұяң дауыссыз;

ж - ұяң дауыссыз;

з - ұяң дауыссыз;

й – үнді дауыссыз;

к – қатаң дауыссыз;

л – үнді дауыссыз;

м - үнді дауыссыз;

н - үнді дауыссыз;

ң - үнді дауыссыз;

п - қатаң дауыссыз;

р - үнді дауыссыз;

с - қатаң дауыссыз;

т - қатаң дауыссыз;

у - үнді дауыссыз;

ф - қатаң дауыссыз;

х - қатаң дауыссыз;

ц - қатаң дауыссыз;

ш - қатаң дауыссыз;

щ - қатаң дауыссыз (орыс тілінен енген сөздерде кездеседі, бірді – екілі қазақ сөздерінде ұшырайды. Ащы, тұщы)

Мысалы, "шығарма" сөзіне фонетикалық талдау жасап көрейік:

Ең алдымен дауысты дыбыстарды тауып, астын бір сызады, содан кейін дауыссыздарын тауып, астын екі сызу керек. Осыдан соң оларды бір дыбыс екі қайталанбайтын етіп, жеке – жеке тізіп жазамыз:

шығарма: шы – ашық буын, ғар – бітеу буын, ма - ашық буын.

ш – қатаң дауыссыз;

ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;

ғ – ұяң дауыссыз;

а – жуан, ашық, езулік дауысты;

р – үнді дауыссыз;

м – үнді дауыссыз;

а – жуан, ашық, езулік дауысты;

7 әріп, 7 дыбыс бар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота