В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
rtydykov
rtydykov
27.05.2020 01:21 •  Қазақ тiлi

Ғылыми фантастика мен әлеуметтік фантастиканың кейбір ерекшеліктері
Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Дүниедегі ең шапшаң, ең ұшқыр құбылыс – қиял. Ал адамзаттың бүгінгі таңдағы зор жетістіктері мен игілікті істерінің дені адам қиялының жемісі. Жалпы фантастика (гр. phantasіa – қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымы қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. «Ғылыми тас» – ескі шығыс тілінде «фан тасы», батыс елдерінің грек тілінен алып жүрген «фантастика» сөзі осымен байланысты. Бұл жанрда жазылған шығармаларды атауда бірізділік жоқ, яғни фантастика және ғылыми фантастика деген тіркес қолданылады. Ғылымдағы секілді, фантастиканың да өзінің мәңгілік тақырыптары бар. Және олар уақыт пен кеңістікке саяхат, жасанды интеллект, жерден тыс әлемдегі өркениет, тіршіліктің басқаша формалары сияқты жұмбақ жайттарды қамтиды. Ең бастысы, өткенге немесе болашаққа қатысты әлдебір әлемнің, белгілі бір сәттің бейнесін кейіптей отырып, фантаст-жазушылар оқырман қиялының көкжиегін мейлінше кеңейтеді. Фантастикалық шығармалардың міндеті мұнымен ғана шектелмейді. Яғни бұл жанр әлдебір ғылыми жаңалықтың адамның өмірі мен қоғамның дамуына тигізер әсерін көркемдік тұрғыда ұғынуға көмектеседі. Қазақ фантастикалық әдебиетінің теориясы мен тарихын жазушы, осы жанрдың алғашқы туындыгерлерінің бірі – А.Мархабаев: «Фантастиканың басты міндеттерінің бірі ғылымды насихаттау екен. Демек, бұл жанрдың басқа әдеби түрлерден ерекшеленіп тұратын оқшау қасиеті болуы тиіс. Ол, фантастика, ғалым, табиғаттану, жаратылыстың құпия құбылыстарын ел арасына, өз оқырмандары ортасына таратумен қатар, өзі де сол ғылымның арқасында өмірге келеді. Яғни, фантастика ғылымды туғызса, ғылым өз кезегінде фантастиканы қамшылайды. Былайша айтқанда, «фантастика-ғылым» және «ғылым-фантастика» тандемі болып келеді. Осылардың жиынтық ұғымы біздің әдебиеттану ғылымымызда «ғылыми-фантастикалық әдебиет» дегенді қалыптастырады» деп тұжырымдайды. Фантастика даму жолында ішкі сипаттары және сыртқы тұрпаттарына қарай әдеби- көркем фантастика, ғылыми фантастика, әлеуметтік фантастика, экономикалық фантастика, бері келе фентези болып бірнеше түрге бөлінеді. Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр. «Шындықпен берік байланыстағы жалғыз әдебиет – ол ғылыми фантастика! Ғылыми фантастика нағыз маңызды мәселелерді көтереді. Қиялгерлерді адам тағдыры толғандырады. Бүгінгі күннің ақиқатын бейнелейтін бірден-бір әдебиет жанры» деп ағылшындық ұлы қиялгер-жазушы Артур Кларк айтқан. Ғылыми фантастика жанрының бар табиғатын, мақсат-мүддесін, оның міндетін айқындау үшін қойылатын талаптар өте көп. Мұның өзі оның күрделілігін, қиындығын аңғартады. Бұл жанрдың басқа жанрларға қарағандағы бірден-бір ерекшелігі: ол – «қосмекенді», ол көркем әдебиет туындысы ретінде оның барлық заңдылықтарын сақтауы тиіс. Бұл - бір. Екінші: ғылыми фантастика есебінде ол міндетті түрде не кешегі өткен ғылым құпиялары, не ертеңгі тұрмыс-тірлігімізге енуге тиісті ғылым мен техника жаңалықтарын әдеби әшекеймен оқырмандарына жеткізе білу.
1.Негізгі ақпарат

2.Қосымша ақпарат

3.Мәтіннен 3 факті жазыңыз

Показать ответ
Ответ:
venzelvika
venzelvika
13.05.2020 08:30

Мынаған 1 сағат керекқо

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота