В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Анастасия0561
Анастасия0561
18.11.2022 02:06 •  Қазақ тiлi

Ұялы телефон – электрлік құрал. Адамның басқа абоненттермен сөйлесуі, қысқа хабарламалар жіберуі немесе жай ғана күту режиміндегі телефонда азды-көпті болсын электрмагниттік толқындардың генерациясы жүріп тұрады. Осы үдірісті тудыратын қабылдаушы антенна болып табылады. Ал телефонды құраушы басқа құралдардың (экран, жиілік генераторы, корпус және т.б.) зияны қызығушылық тудырмайды, себебі өте аз. Ұялы телефонның бойындағы электромагниттік толқындар электромагниттік сәулелерді шашады. Электрмагниттік сәулелер жоғары жиілікті электрлік және магниттік өріс тарапынан туындайды. Осы сәулелену кез келген органикалық немесе бейорганикалық затқа әсер етеді. Адамзат көп уақыттан бері электромагниттік толқындарды өз пайдасына асыруда. Оларсыз коммуникация әлемін елестету қиынға соғатыны сөзсіз. Радиостанциялар, телекөрсетілім, байланыс тірегі осы электроманиттік толқындар.Оларды қазіргі таңда медицинада да кеңінен қолдануда. Мысалы ретінде рентген, узиді қарастыруға болады. Олар әкелетін зияннан пайдасы көбірек болады, ал ұялы телефонның жағдайы басқа.
Біз ұялы телефонды құлақ тұсына қойған кезде телефон мен адамның басы арасында электромагниттік орта пайда болады. Оның әсерінен мидың жасушалары біртіндеп қызды. Ол, әрине, адамның жүйкесіне тура әсер етеді. Адамда ең алдымен стресс пайда болады, жүйке жүйесі біртіндеп тозып, протеиндер бөліне бастайды. Протеиндер – адам ағзасында болып жатқан химиялық реакцияларға қатысып, зат алмасу процестерін жылдамдатыды. Осы факторлар әсерінен адамдарда ұмытшақтық, бас ауруы, агрессия пайда болуы мүмкін.

Показать ответ
Ответ:
фыыыы1
фыыыы1
09.09.2020 14:08
Есімше — етистиктиң есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған откен шак  мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрыңгы откен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.
0,0(0 оценок)
Ответ:
maksivanchuk123
maksivanchuk123
18.05.2021 11:49

Егер мен ғалым болсам...

Бір сәт қиялға беріліп, армандап көрейікші... Егер мен ғалым болсам, қайтер едім? Әрине, қазіргі таңда қоғамымызда түрлі салаларда шешімі табылмаған мәселелер жеткілікті, ал мен ғалым болсам, олардың барлығын шешпесем де, дегенмен, өз үлесімді қоссам деймін. Мәселен, мен мектепті ойдағыдай аяқтап, еліміздегі беделді оқу орындарының бірі - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсуді армандаймын. Бұл мені болашақта ғалым болуға бір қадам жақындатады. Аталған оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, білімімді шетелде шыңдап, одан кейін елге оралып, медицина саласын дамытқым келеді. Атап айтқанда, ғалым болсам, қазіргі таңда белең алып отырған ауру – қатерлі ісікті емдеп, жазуға өз үлесімді қосқым келеді. Яғни ғылыми жаңалық ашып, осы салада бар білгенімді қолданғым келеді. Ғалым болып, ғылыми еңбек жазып, түрлі тәжірибелік жұмыстар жүргізген соң, еңбегіңнің елеңгенің, халыққа пайдасы тигенін қалайсың. Сонымен қатар, ғалым болсам, алыс – жақын шетелдегі әріптестермен біріге отырып, түрлі ғылыми іс – тәжірибелер өткізіп, медицина саласында түрлі жаңалық ашқым келеді. Әрине, әзірге бұл тек арман ғана, бірақ осы арманым орындалу үшін мен сабақты жақсы оқуым керек.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота