Я НА СОРЕ ТЕКСТ ЗАДАНИЯ 2. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз. Определите основную тему текста. Италия тұрғындары туралы ка ұлтаралық татулық пен тұрақтылық күні туралы Америкалық еңбекшілер туралы е Назад Впере
Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнаақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі…Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам…
Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты. Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін а ң өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды.
Осыдан он жыл бұрынең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым –Бота Диханбаевна. Ол кісі- менің ақылшым, алғашқы данышпаным, өмірге бағыттаушым болды. Оның жайдары күлімдеген көздерін үйде күнде көріп үйренгендіктен бе, біраз уақытқа дейін тентектеу болып өстім. Әліппені жаттатпай ұйқы бермейтін. Бұған өте қатты ашуланып, төрт қабырғаның төрт бұрышында да тұрып шыққан да кездерім болды. Қазіргі күнде алғашқы ұстазыма дән ризамын. Өйткені мен алғашқы ұстазымнан білім жолының таза, тура, әділ жол екендігін ұқтым.Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстазым.
Бастауыш сыныпта жылап оқыған әліппем, бүгінгі күні маған «Әдебиет» деген үлкен әлемнің есігін ашты. Осы үлкен есікке барар жолды ұстазым Айгүл Мухсинқызынан тапқан болдым. Айгүл Мұхсинқызы-оқу үрдісінде оқушылармен қарым-қатынас үйлесімділік құрған ұстаз. Алғашқы күннен бастап сабаққа деген қызығушылығым оянған болатын. Айгүл мұғалім-өз ісінің шебері. Себебі, бізге қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршаған емес.Ол кісі — алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге әрдайым дайын жан.Сынып жұмысынан тыс тапсырмалар беріп, шығармашылығымызды шыңдатады. Ұстазымның келбетінен өз мамандығын сүйетін мұғалім екендігін бірден түсінуге болады.
Әр оқушының пәнді жақсы білуі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екені баршамызға белгілі. Егер оқушы мен мұғалім арасында қарама-қайшылық болса, ол сабақтың қаншалықты қызық болғанымен де баланың оны білуіне құлқы болмайды, сабақты оқығысы да келмейді. Мұғалімдер өз елінің жас болашағына тәлім-тәрбие береді, бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды, сонымен қатар бұл ұлттың, елдің қоғамы қалыптасады. Қазақстанның өркендеуіне, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына үлкен әсер етеді.
…Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.
Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне. Жеті мың бетке жуық қолжазба, жазу кітапшаларын қалдырған Леонардо да Винчиге еліктеген қазақтың сөз зергері Ғабит Мүсірепов қойын дәптеріне "Менің Джокондам – Ұлпан" деп жазған екен. Сондай-ақ қаламгер "Тұтқын қыз" атты кітабында былай дейді: "Ұлы суретшімен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылық болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек. Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі т.б. Джоконда да маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға бара алмадым, кәдулігі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан бейнесінде аңыз бар десті. Мен жоқ деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын өткен Абай, Қарқабат, Ақкелің, Домалақ ене, тағы басқа да рулы елге ұран болған әйелдеріміз болған ғой!" деп жазады.
Расымен, халқымызда дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген аналарымыз бен апаларымыз, қолға қару алып жауға шапқан қазақ қыздары көп. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. ХІХ ғасырда өмір сүрген Ұлпан да тарихи кейіпкер ғана болып қоймай, осындай аналарымыздың жиынтық образы ретінде алынып отыр деуге болады. Жазушы шығармасының соңында, "Ұлпанды" ауыл ақсақалдарының аузынан естіген шынайы оқиғаларға сүйеніп жазғанын және осы еңбегін Ұлпан секілді абыз аналардың құрметіне арнағанын ашық жазады. "Ұлпан" романындағы басты кейіпкерлер Есеней де, Мүсіреп те – шынайы кейіпкерлер, өмірде болған жандар. Есеней қаншама тегеурінді би болғанымен, тағдыр талқысына түседі. Асқаралы алпысқа келгенде маңдайына жазған тақсыретін тартты, екі ұлы да шетінеді. Ақырында, төсек тартып қалып, ел басқаруға шарасыз болып қалады. Осындайда, батырдан туған Ұлпан ерлік танытып, Есенейдің орнын басады, жарын да, елін де сыйлайды, "елдің Есенейі" атанады. Ақылы тұлғасына сай би өзінен қырық жас қызды жар етпек болғанда да Ұлпанның болашағына сенген секілді. Романда Ұлпан "Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойландың ба?",-дейді. Ердің құны, нардың бұлы болса да мал-жанды аямауға бел байлаған Есеней: «Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр... Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба? Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап, менің Есенейім сенсің»,-деп кесіп жауап береді. Жазушы тағы бірде «Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан-жүрегін жібіткен Ұлпан болды» деген сөздерді айтып кетеді.
Ұлпан әйгілі Сибан жорығына да атсалысады, бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болғанда нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді. Күңдерінің арасына теңдік орнатып, кедей-кепшіктің қамын жейді. Есенейдің бауырына өзі иіле отырып идіреді, бірнеше жыл бойы ат жібін кескен қайынымен татуласады. Қазақ даласына медресе ашып, монша салдырады. Бір қарағанда, мұның бәрі әйелдің ғана емес, кез келген ер азаматтың шамасы жете бермейтін іс-әрекеттер. "Әйелдің қырық жаны бар" деген осыдан қалған болар... Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы қоғам қайраткері. Халықаралық әйелдер мерекесі 8 наурыз қарсаңында осындай аналарымызды еске алу, оны бүгінгі ұрпаққа насихаттау, енді ғана құлпырып келе жатқан қыздарымызға үлгі ету әрбіріміздің парызымыз деп білейік.

Объяснение:
дұрыс деп ойлаймын