Үй жұмысы 2-тапсырма.«Махаббат пен достықтың символы ретінде нені ұсынар едің?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
Көлемі 90 сөз.
Дескриптор:
1.Мәтін құрылымының сақталуы.
2. Ойын жеткізуі.
3. Лексикалық минимумның қолданылуы.
4. Грамматикалық ж е пунктуациялық белгілерді қолдануы.
Қосымша( көркемдегіш құралдарды қолдануы МНЕ
Айналамыз толған электр қуаты. Алысқа бармай-ақ, үйіміздің өзінде қаншама электр қуатымен ғана жұмыс істейтін құрылғылар, жабдықтар бар. Егер электр қуаты ғылымның нәтижесінде қолданысқа берілді десек, "ғылымның бастауы да болмаған кезде алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?" деген сауал туады. Ол кезде адам мен табиғат арасында ешқандай шекара болмады. Олар бірге өмір сүрді.
Ал қазір ше? Қазір бізге электр қуатынсыз бір күн болсын өмір сүре алмайтындай көрінеді. Меніңше, бұл қолымыздан келеді. Тек күнімізді дұрыс жоспарлай алу керек.
Мысалы, бір күн бойы үйде отырсам, әлбетте, шыдай алмай кетуім мүмкін. Сондықтан көп уақытымды тыста өткіземін. Жақын маңдағы саябаққа жаяу барамын. Доп не велосипедімді де ала кетуді ұмытпаймын. Кейін кітапханаға баруға болады. Қалаған кітабымды алып оқу залында отырып оқимын. Ең бастысы кітап мені қызықтыруы керек. Достарымның үйіне барып, аулада әңгіме айтуға да болады. Сонан соң сурет салу, балаларға арналған әртүрлі журналдар оқып, тапсырмаларын орындау және т.б. Көрдіңіз бе, біз электр қуатынсыз өмір сүре аламыз. Бірақ ұзақ уақыт емес. Кейбір іс-әрекеттер электр қуатынсыз жүзеге аса алмайды. Мәселен, қараңғы батқанда үй тапсырмасын орындау, тамақ пісіру, қаланың келесы шетіндегі шұғыл жағдайда байланысу, тағысын тағы. Ең бастысы – барлығы мөлшерімен болғаны дұрыс.
Объяснение:
старалась быстрее