XXI ғасырды электрқұрылғыларынсыз компьютер,теледидар,телефон, тұрмыстық техника және т.б ) елестете алмаймыз.Сондықтан тұрғындардыңөмір сүруі үшін керек қуат көзініңбірі –электр энергиясы.Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді.Тұтынушыларды электр энергиясын толық қамтамасыз ету әлемдегі басты мәселеге айналды.Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмірмен мұнай жағылады.Мұндай отынныңтабиғатқа зиян өте көп.Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып,орман кесіліп жатыр. Қазір бүкіл әлем энергия өндіруді жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатыр.
2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті. Көрмеде энергия өндірудің тиімді,арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа технологиялары көрсетілді.(102 сөз)
(Оқулық 6-сынып, 1-бөлім 5-тапсырма 74 бет)
1. Мәтінен негізгі ойды анықтап, екі сөйлеммен жаз.
1.
2.
Флюгер (голл. vleugel - қанат) - желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап. Желдің бағытын Флюгердің вертикаль осіне желдің әсерінен еркін қозғалып тұратындай етіп орнатылған флюгарка көрсетеді. Флюгарканың қарсы салмақтық ұшы әр уақытта желге қарсы орнатылады және бағыты өзінен төменірек орнатылған румбалар өрнегі арқылы анықталады. Флюгердің жоғарғы бөлігінде желдің жылдамдығын көрсететін арнаулы шкала бойымен вертикаль бағытта, желдің жылдамдығына сай еркін қозғалып тұратын металл тақта орнатылған. Флюгер ашық жерге, 8-10 м биіктікке орнатылады.