Внимательно прочитайте текст, найдите и запишите основную и дополнительную информацию данного текста 5-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің ма-
ғынасын сөздіктен қара. Негізгі және қосымша ақпаратты анықта.
Қазақ жері неткен көркем, неткен бай! Елі алып, жері ұлан-ғайыр.
Қазақстанның картасын қараңдаршы: оның алып, ұлан-ғайыр екені-
не көз жеткізесің. Қазақстан аумағы 2724,9 мың шаршы километрге тең.
Қазақстан шекарасының ұзындығы 15000 километр. Тіпті Қазақ жерінің
шығысынан батысына қарай Күн үш сағат өтеді екен. Осындай алып жер-
ге шикізат пен қазба байлықтарды қос! Қазақстан шикізат, қазба байлығы
жағынан дүниежүзіндегі 186 елдің ішіндегі ең бай он елдің қатарына кіреді.
Қазба байлықтар қорынан мынадай орын алады: қорғасын, вольфрам қоры
бойынша 1-орын, күміс пен мырыш қоры бойынша 2-орын, марганец қоры
бойынша 3-орын, мыс қоры бойынша 4-орын, уран қоры бойынша 5-орын,
алтын қоры бойынша 6-орын, темір кені бойынша 7-орын, жанғыш көмір,
газ қоры бойынша 9-орын, мұнай қоры бойынша 13-орын. Бұл ғаламат
байлық.
Орталық Қазақстанда көмір, жез, қорғасын, мырыш, құмтас өндіріледі.
Мұнда көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады екен. Солтүстікте алтын,
темір; шығыста қорғасын, мырыш; оңтүстікте қорғасын; оңтүстік, шығыс,
солтүстікте мәрмәр кенорындары бар.
Батыста, Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна, су астын-
да 4,5 миллиард тонна мұнай жатыр. Аралдың айналасында 350 миллион
тонна мұнай бар. Мұнай құбыры 10715 шақырымға созылған. Міне, Қазақ
даласы - осындай!
Ұлттық дәстүр – ұлтқа рух беріп, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Дәстүр – адамдардың ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығы, әлеуметтік-мәдени мұрасы. Әдет-ғұрып салт-дәстүрлер арқылы халық өзін-өзі тәрбиелеп отырады. Олар қоғамның, отбасының барлық саласында көрініс табады. Дәстүріміз бұзылса, қоғамның тарихи дамуының сабақтастығы да бұзылады.Ұлттық құндылықтарымызды сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін насихаттап, ұлттық тәрбиеміздің іргетасы етіп тұрақтандыруымыз керек. Қазақ тұрмысында ұрпақты қоғамға, отбасына бейімдеп, адамгершілікке, отансүйгіштікке, ержүректілікке, имандлыққа тәрбиелейтін әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз жеткілікті. Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет – ғұрпы, салт-дәстүрін балалар бойына дарытып, имандылық, адамгершілік рухында тәрбиелеу. Ұлттық әдет ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы-қазақ халқының өзіндік дәстүрлерін бойына сіңіре білетін, салт-дәстүрлерімізді ұғына білетін, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра білетін, ұлттық рухпен қаруланған тұлғаны қалыптастыруға мүмкіншілік аламыз. Халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы –салт-дәстүрлерді дұрыс жеткізе білсек, ұлтжанды азаматты қалыптастырдық деп нық айтуға болады.
Рибосома Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Жасушасында кездеседі.
Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия – Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.
Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.
Ядро – организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.