. Вавилон, Мысыр, Қытай және Грекияның алғашқы астрономдары жұлдыздарды қарастырған кезде олардың кейбірінің жануарларға немесе аңыз-әңгімелердің кейіпкерлеріне ұқсас екенін аңғарған. Сөйтіп,оларға Торпақ (өгіз) немесе Персей (грек кейіпкері) деген сияқты атаулар берді. Кейіннен Телескоп сияқты өзге шоқжұлдыздар табылып, ат қойылды. Осыдан төл сөз табу
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Батыр туса ел ырысы. Батырлар бірден батыр болып туылмайды. Олар білім алып ұзақ жаттығады. Батырда анадан туылады. Батыр болу оңай емес. Бұрындары бізде атақты батырлар көп болған. Батырлар өзін емес, өзгені ойлап жүреді. Мысалы бұрынғы батырларымызды айтсақ болады. Олар өз өмірін қиып, өз халқын құтқарып қалған. Олар өзі үшін өмір сүру керек еместігін жақсы біледі. Батырлардың бойында әділеттік, адалдық, батылдық, жомарттық, еңбекшілдік сияқты жақсы қасиеттер жетіп артылады. Бұрындары қыз балаларда батыр атанған. Біз батырларымызды ұмытпауымыз керек.