В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Misha91111
Misha91111
03.01.2023 02:49 •  Қазақ тiлi

вас не игнорьте мне сделать казахский язык. Умоляю вас

Показать ответ
Ответ:
Bioligy
Bioligy
27.02.2023 08:07

Шумер () – Месопотамия ойпатының оңтүстігінде орналасқан ежелгі тарихи аймақ. Ол Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында, қазіргі Ирак аум-ның оңтүстік бөлігінде болған. Қазіргі күнге жеткен жазба деректер бойынша Шумерді — біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың соңында негізінен шумерлер және аздаған мөлшерде шығыс семиттер – аккадтар мекендеген. Аккадтар шамамен — біздің заманымыздан бұрын 2400 жылы Аккаде қ-ның негізін қалады. Осы уақыттан бастап Шумердің солтүстік облысы Аккад деп атала бастады. Джемдет-Наср және одан да ертеректегі Урук пен эль-Обейд археол. мәдениеттеріне тән ескерткіштер шумерлердің бұл аймақты біздің заманымыздан бұрын 5 – 4-мыңжылдықта мекендей бастағанын дәлелдейді. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықта Шумерде алғашқы мемлекеттік құрылым қалыптаса бастады. Зерттеушілер сына жазуы пайда болып, орныққан б.з.б. 2700 – 2300 жылы аралығын ерте әулеттік кезеңге жатқызады. Ол кезде бұл аймақта сыртында үлкен отбасылық қауымдар өмір сүрген көптеген қала-мемлекеттер құрылды. Ондағы негізгі халық толық құқық-ты қауым мүшелері мен оларға тәуелді қалалық ғибадатхана тұрғындары еді. Қалаларда дәулетті қауымдық ақсүйектер пайда болды. Шаруашылық жүргізу өзен суы және су қоймаларына жиналған жауын-шашын суын пайдаланып, егіншілікпен айналысуға негізделді. Сондықтан негізгі каналдар мен суландырылған жерлер үшін үздіксіз соғыстар жүргізіліп тұрды. Кейбір жекелеген қала-мемлекеттердің әскери көсемдері (ертеректегілерінен неғұрлым белгілері б.з.б., 28 – 27 ғ-лардағы Киштің, Уруктың І-әулетінің, кейіннен Ур, Лагаштың билеушілері, т.б.) көршілес қалаларға кезекпе-кезек үстемдік

0,0(0 оценок)
Ответ:
RUStepan5
RUStepan5
27.12.2020 02:24

Қолымда Бауыржан Момыш­ұлы­ның «Ұшқан ұя» кітабы. Аялай ұстап, толқи оқимын. «Біздің кейде өткенді еске алсақ болды, тұтас тұлға іздеп, бүтін бір жүйелі оқиға іздеп, кесек-кесек кереметтер іздеуге ерекше мән беріп қарайтынымыз бар. Дәл осы өлшем балғын кезге келе бермейді. Өйткені бала жүрегі, бала көңілі, бала ойы алғашқы көргенін, алғашқы сезгенін, алғашқы тұшынғанын қаз-қалпында, тұнық күйінде болмысына ұйытып алады да, сол қалпында сақтай біледі.  

Бала қиялы ол көргендері­нен көлемді ой түйіп жатпай­ды. Қайта үзік-үзік үміттің өзінен рақат сезімге бөлене береді. Дәл қазір менің көз алдымда сонау сәби кез­дегі қызық пен қуа­ныш­тың елес­тері түйдек-түйдек жаңғы­рығып, жанымды жай таптырмай отыр».

Баукеңнің осынау тебіреніс­ке толы көңіл күйі менің жан дү­нием­ді зілзалаға салып отыр де­сем, өмірдің ащы-тұщысынан не­ме­се тәтті-дәмдісінен аузы уыл­ған біраз адамдар кекесінмен сү­ле-сапа, қыжырта қабылдарына күмән­данбаймын.

Балғын балалық шағын өт­кен ғасырдың 20-50-ші жылдар аралығындағы қан-қасап қыр­ғындар мен ашаршылықта, үрей мен кіріптарлықта, аштық пен жоқ­шылықта өткізген бақытсыз ұрпақтың қиянға құлаш ұрар әсершіл періште сезімге бөлен­ген қымбатты естеліктері, әри­не, тапшы болды. Ал бүгінгі жас­тар­дың болашағына алаңдаған Баукеңнің: «Ертексіз өскен бала –

рухани мүге­дек а ­лары­мызға әжелері не шеше­лері ертек айта бермейді. Содан қор­қам, менің қазіргі келін­дерім неме­релеріме бесік жырын ай­та білмейді. Бесікте жат­қанда құла­ғына анасының әлди әні сің­беген баланың көкі­регі керең бо­лып қалмаса деп қор­қамын», деп қауіп етуге толық қақысы бол­ғанын ендігі жерде дәлелдеп тыраш­танудың жөні болмас.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота