Әлін білмес әлек. Әрбір адам өз мүмкіндігін бағалай білу керек. Қолынан келетін істі барынша сапалы істеген, қолынан келмейтін істі бастап, аяқтай алмай тастағаннан артық. Мысалы: Айдос өте өзімшіл бала, ол өзінің қолынан келмейтін іс жоқ деп ойлайды. Осы мінезімен қаншама рет жұрт алдында күлкі болды. Оның досы өте іскер бала, Айдос оған қызғанышпен қарайды. Бір күні досы ағаштан әдемі домбыра жасайды, оны ұстаз жоғары бағалап, мақтайды. Айдос оны бәрімізде жасай аламыз, онда тұрған не бар екен деп дауласады. Ұстаз оған сол тапсырманы бергенде, Айдос домбыра тұрмақ, сол домбыраға арналған ағаштан қасықта шығара алмай күлкі болады. Міне, әлін білмес әлек,- деген осы жерде орынды болып тұр.
А күннен армандап, аңсары ауған бір саласы, яғни мамандығы болады. Ол өзін соған бағыттап, білім-білігін жұмсайды. Сондай мамандықтың бірі ұстаз болу. Әу баста ниет білдірген жас талаптың барлығы дерлік оның тұтқасын ұстап кете алмайды. Оған себеп біріншіден, аяулы да ардақты мамандықтың адам көзін ашудағы қиын тұстарына төтеп бере алмауы болса, екіншіден, аса табандылықтың кем болуы дер едік. Өз басым осы қиындықтарды жеңдім деп ойлаймын. Сөйтіп ұстаз болдым. Бұл жолды таңдап, ғұмырымды берген аяулы мамандық иесі болып, зейнетке шыққан маған оған бет бұруыма сөз жоқ, тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ұрпаққа қалдырған тәлім-тәрбиеге толы өсиеттері мен ғибратты мысалдарына сусындауымның әсері мол болды десем, жаңсақтық бола қоймас. Оған мен бітірген, мен ғана емес қазақтың менмін деген талай марқасқалары білім алған ұлы ұстаздың өз қолымен тұрғызған білім ошағын қоссаңыз, мұғалім болуымның заңдылық екенін айтпай-ақ түсінесіз. Осы тұрғыда ұлы ағартушы тұрғызған мектептің түлегі ретінде және сол бабамыздың биыл туғанына 170 жыл толуына орай мектеп тарихы мен тұңғыш дала қоңырауы иесінің мектептер ашуы жайындағы аз-кем білгенімді оқырманмен бөліссем деп отырмын
Әрбір адам өз мүмкіндігін бағалай білу керек. Қолынан келетін істі барынша сапалы істеген, қолынан келмейтін істі бастап, аяқтай алмай тастағаннан артық. Мысалы: Айдос өте өзімшіл бала, ол өзінің қолынан келмейтін іс жоқ деп ойлайды. Осы мінезімен қаншама рет жұрт алдында күлкі болды. Оның досы өте іскер бала, Айдос оған қызғанышпен қарайды. Бір күні досы ағаштан әдемі домбыра жасайды, оны ұстаз жоғары бағалап, мақтайды. Айдос оны бәрімізде жасай аламыз, онда тұрған не бар екен деп дауласады. Ұстаз оған сол тапсырманы бергенде, Айдос домбыра тұрмақ, сол домбыраға арналған ағаштан қасықта шығара алмай күлкі болады. Міне, әлін білмес әлек,- деген осы жерде орынды болып тұр.