В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
арут4
арут4
14.03.2020 21:09 •  Қазақ тiлi

У слов выделенных большим шрифтом есть 3 верных ответа которые находятся сбоку выберите верные

ҮЛКЕН - дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық

ТАУЛЫ-дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық

ҚЫЗЫЛ-дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық

АҚЫЛДЫ-дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық

БОЙШАҢ-дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық

МӘДЕНИЕТТІ-дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық

АЛЫСТАУ-дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық

ҚЫЗЫЛ ЖАСЫЛ-дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық

САРЫ АЛА - дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық

ЖАСЫЛДАУ-дара күрделі негізгі туынды сапалық қатыстық

Показать ответ
Ответ:
Pandivan
Pandivan
15.08.2020 13:38
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белесінен байқасақ, ежелден - ақ ру - тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата - баба мекеніне орнатты… - делінген еді.
Бұл жазбадан патриотизмнің – ата - баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ЮкиНайи
ЮкиНайи
16.06.2022 21:53

Өңдеу

Шолпан — күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар. Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтірген. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 117 тәулікке тең.Оның Күннен орташа арақашықтығы 108 млн. км (0,723 астрономиялық бірлігі). Сидерлік айналу периоды 224 тәулік 16 сағат 49 мин 8 с. Жерден қараған бақылаушыға Шолпанның Күннен бұрыштық қашықтығы 48″-тан аспайды. Сондықтан ол Күн батқаннан кейін (кешкі жұлдыз) не Күн шығардың алдында (таңертеңгі жұлдыз) ғана аз уақыт көрініп тұрады. Шолпан – аспандағы ең жарық шырақ (Күн мен Aйдан кейінгі). Жалтырауының максимумы 4,4-жұлдыздық шамаға дейін жетеді. Шолпанның фазаларын (1610 жылы Г.Галилей ашқан) көру қабілеті ерекше жақсы адамдар жай көзбен де байқай алады. Төменгі тоғысуы кезінде Шолпанның бұрыштық диаметрі 64″-қа жетеді. Жер бетінде жүргізілген радиолокациялық бақылаулардың нәтижесі бойынша Шолпанның орташа радиусі 6050±0,5 км, массасы 0,9528 Жер массасындай. Шолпанды қоршаған қою атмосфераның бар екендігін, Шолпанның Күн дискісін басып өту кезін бақылай отырып, алғаш рет М.В. Ломоносов ашқан (1761). Шолпан атмосферасында көмір қышқыл газының (СО2) болатындығы спектроскопиялық жолмен анықталған. Шолпанның температурасы оның бетіне жақындаған сайын арта түсетіндігін Шолпанның төменгі атмосферасында алғаш рет кеңестік “Венера-4” (1967) автоматтық планетааралық стансасында тікелей жүргізілген өлшеулер көрсетті. “Венера” (КСРО) және “Маринер” (АҚШ) автоматтық планетааралық стансаларында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Шолпан планетасы атмосферасының құрамы 97,3% көмір қышқыл газынан, 2%-дан кем азоттан, 0,1%-дан кем оттектен және 1%-дан кем су буынан тұратындығы анықталды. Зерттеулер нәтижесіне қарағанда Шолпан бетінің жарықтылығы шамамен 10 мың люкске тең. Ел аузында Ай Күнмен үзеңгілес жүретін болса, Шолпан Аймен тетелес келеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота