У Сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Әлихан Бөкейхан қай жерде дүниеге келді?
2. «Оян, қазақ!» атты жыр жинағының авторы кім?
3. Голощекинге қарсы шыққан тұлғаны атаңдар.
4. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі
мен қызметін талдаңдар.
5. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, тұлғаға байланысты эссе жазыңдар.
1.Әлихан Бөкейхан-(5 наурыз 1866 )Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесінде дүниеге келген.
2.《Оян ,қазақ!》 жырының авторы-Міржақып Дулатов.
3.Филипп Исаевич Голощёкин,Қазақ Халқының Жауы, басқа аты Шая Ицкович.
4.ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра береді
5.Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937) қазақ халқының азаттық жолындағы күресте алдаспаны болған аяулы тұлға. Бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Қарқаралы уезінде дүниеге келген арда азамат 71 жасында кеңес қоғамының ең бір қасіретті «халық жауы» деген жалған жаласымен Мәскеу қаласында мерт болды.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Бөкейханов XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды. «Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне замандасы Қошмұхаммед Кемеңгерұлы 1920 жылы жазған «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.
Әлихан өмір сүрген кезеңде патша билігі ұдайы жүргізіп отырған отаршылдық саясаты салдарынан қазақ халқы ғасырлар бойғы қалыптасқан көшпенділердің дәстүрлі рулық-қауымдық қатынастарынан, жерінен де, тіпті оны пайдалану құқынан да айырылды. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты күшейіп, хандық биліктің байырғы құрылымдары жойылып, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетіне және оның өз жерінде дербес халық ретінде өмір сүруіне қатер төнді.