У меня экзамен Тест 1. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсет. а) жаздық в) білім с) бағым д) гүлденді 2. Біріккен сөзді көрсет. а) алабұта; в) оқулық; с) сызғыш; д) ата-ана. 3.Үндестік заңына бағынбайтын тұрған сөзді көрсет. а) мақтаншақ в) өнерпаз с) жаңалық д) дәптер 4. Дыбысталуы бірдей, бірақ мағынасы әр түрлі сөздерді не деп атайды? а) синоним в) фразеологизм с) лексика д) омоним 5. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. а) етістік; в) есімдік; с) одағай; д) үстеу. 6. Мақсатты келер шақта тұрған етістікті тап. а) ойнайды; в) жазып отыр; с) барамыз; д) айтпақпын. 7. Көсемшенің жұрнақтарын көрсет. а) ын,ін,н; в) са,се; с) ып,іп,п; д) ма,ма. 8. Бұйрықты сөйлем. а) Шығарма жазсын! в) Жаңбыр құйып тұр. с) Пай-пай,неткен ғажап! д) Кеше барған шығар? 9. Дұрыс аудармасын тап. Я поздравил свою сестру с праздником. а) Мен апаны мерекемен құттықтадым. в) Мен апамды мерекемен құттықтадым. с) Мен апаны мерекемен құттықтайды. д) Мен апасын мерекемен құттықтадың. 10. Мақал-мәтелді толықтыр. Отансыз адам, а) мұратқа жетпес; в) ел үшін өледі; с) ел үмітін ақтамас; д) ормансыз бұлбұл. 11. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін көрсет. а) суық жел; в) суық су; с) суық шай; д) суық хабар. 12. Шылау дегеніміз - а) заттың атын білдіреді; в) мезгілін, мекенін білдіреді; с) сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады; д) зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүреді. 13. Синонимдік қатарды көрсет. а) алдымен, соңында, кейін; в) жылы, салқын, суық; с) жуырда, жақында, таяуда; д) бүгін, кеше, ертең. 14. « Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген» деген сөздерді академик Н.И. Веселовский кім туралы айтқан? а) А. Құнанбаев в) Ш. Уәлиханов с) Ы. Алтынсарин д) С. Торайғыров 15. « Таулардан өзен ағар сарқыраған» деп басталған өлең кімдікі? а) Абай Құнанбаев в) Сәбит Дөнентаев с) Ыбырай Алтынсарин д) Сұлтанмахмұт Торайғыров 16. Абай төмендегі ақын – жазушылардың қайсысының шығармаларын аударған? а) А. Грибоедов в) М. Лермонтов с) В. Брюсов д) В. Маяковский 17. «Еңілік – Кебек» дастанын жазған кім? а) М. Әуезов в) М. Жұмабаев с) С. Торайғыров д) Ш. Құдайбердиев 18. «Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам!» - деген жолдардың авторы кім? а) С. Сейфуллин в) І. Жансүгіров с) С. Торайғыров д) М. Дулатов 19. А Байтұрсыновтың алғашқы өлең жинағы қалай айтылады? а) «Жиған – терген» в) «Қырық мысал» с) «Оян, қазақ» д) «Маса» 20. Қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырушы кім? а) Ш. Уәлиханов в) С. Көбеев с) С. Торайғыров д) А. Құнанбаев 21. С. Торайғыровтың романын көрсетіңіз? а) «Қамар сұлу» в) «Бақытсыз Жамал» с) «Қалың мал» д) «Ақбілек» 22. Шәкәрімнің шығармасын белгілеңіз? а) «Абай жолы» в) «Ақбілек» с) «Оянған өлке» д) «Қалқаман – Мамыр» 23. А. Байтұрсынов қай газеттің бас редакторы болды? а) «Қазақ» в) «Кедей» с) «Ақ жол» д) «Еңбекші қазақ» 24. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім? а) М. Жұмабаев в) М. Абайұлы с) М. Дулатов д) Ш. Құдайбердіұлы 25. «Медғат – Қасым» поэмасының авторы кім? а) Ш. Құдайбердіұлы в) А. Құнанбаев с) М. Абайұлы д) С. Торайғыров 26. 1910 жылы жарық көрген тұғыш қазақ романының авторы кім ? а) Т.Жомартбаев в) С.Көбеев с) М.Дулатов д) А.Байтұрсынов
1д
2а
3в
4д
5а
6д
7с
8а
9в
10д
11д
12с
13с
14в
15с
16в
17а
18с
19в
20д
21а
22д
23а
24с
25с
26д