В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
kindgirl999
kindgirl999
09.03.2021 02:03 •  Қазақ тiлi

ТЖБ по Қазақ тілі. «Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика
Киіну. Сән.Талғам. Фонетика
Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика

Тыңдалым мен айтылым

Оқылым
Тапсырма​
Берілген мәтіндерді оқып, оларды өзара тақырыбы, жалпы мазмұнын тұрғысынан салыстырыңыз. Олардың жанры мен стилін анықтаңыз.

А мәтіні
Қазақы нақыштағы , заманға сәйкес киім үлгісін қарастырудасыз ба? Қымбат дүкендерден бастап, соңында базарлардан қалтаңыз көтеретінін алуға мәжбүрсіз бе. Ең тиімді бағадағы, денеңізге қонымды сапалы киім іздесеңіз әртүрлі сауда орталықтарын аралаудың қажеті жоқ. Себебі, сіздер үшін «Ұлттық киімдер» орталығы сапалы, соңғы үлгідегі топтамаларын ұсынады. Жақыныңызға немесе құрметті қонағыңызға ерекше сый тарту еткіңіз келсе, ұлттық нақыштағы сыйлықтарды таңдаңыз. Ұлттық киімдер болмысыңызды айқындап, түр сипатыңызға өң беретін болады. Киімнің барлық үлгілері табиғи матадан тігілген. Жас ерекшеліктер толығымен ескерілген. Еңбектеген баладан, ақылы асқан қарияға дейінгі қауымның сұранысын қанағаттандырады. Біздің дүкен таңғы тоғыздан , кешкі жетіге дейінгі аралықта жұмыс жасайды.Аптаның жұма, сенбі күндері сіздер үшін жеңілдіктер болады.Біз сіздерді асыға күтеміз! Мекен-жайымыз: Арқалық қаласы, Жәнібек батыр көшесі, Орталық әмбепап дүкен, І қабат, 17-бутик.

Ә мәтіні
Құрметті тіл үйренушілер! Ағылшын тілін меңгеруді қиындатып, жақындауға жүрексініп,тіпті бағынбайтын қамал қылып алсаңыз, ол ойыңызды өзгертіп, бір айдың ішінде қазіргі деңгейіңізден бір сатыға көтеріп беремін. Әрине берілген тапсырманы орындап, бар ынтаңызды салсаңыз!
Мені қадағалап, нақты нұсқаулықпен жүргізіп отыратын адам керек десеңіз, дәл осы «Ағылшын тілін жеке коучингпен» курсы сіз үшін:
Курс кімдерге арналған:
➢ Beginner, Elementary, Pre-Intermediate, Intermediate бар деңгейлер үшін
➢ Магистратураға түсу үшін ағылшы емтиханына дайындалушыларға
➢ ҰБТ-дан ағылшын тілін тапсырушыларға
➢ Мектеп оқушылары,студенттер, қызметкерлер, зейнеткерлерге дейін барлық жас пен деңгейлерге.
Курс бағдарламасы қандай?
➢ Отыз күн бойы дайын сабақтар,тапсырмалар
➢ Тыңдалым, оқу, жазу, сөйлеу бойынша жұмыс
➢ Минимум 20 грамматикалық тақырып меңгеріп, 1000 сөз бен 100 ең көп қолданатын ағылшын фразаларын үйреніп шығасыздар!
Басталуы: 20.12. Тіркелу: 87011352594 немесе Arkalyk_tilder парақшасы
Мекен -жайымыз: Арқалық қаласы. Тілдер дамыту орталығы

А мәтіні Ә мәтіні

Тақырыбы

Қысқаша мазмұны

Қандай жанр? Неліктен? Себебін түсіндіріңіз.

Жанрға тән қандай сөздер қолданылған?

Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жарнама жазыңыз. Жазу барысында сөздердің қатесіз, орфографиялық нормаға сай жазылуына назар аударыңыз.
[10]
1) Сіз – ұлттық нақыштағы заманауи сәнді киім үлгілерін тігетін жаңадан ашылған сән үйінің басшысысыз. Қазақстандықтарға сән үйіңіздің ерекше қызметтері туралы жарнама мәтінін жазыңыз. (60-80) сөз
2) Сіз қазақстандық белгілі дизайнерсіз. Өзіңіздің сән үйіңіз бен бренд киімдеріңіздің дүкендер желісі бар. Тұтынушылардың қызығушылығын оятатындай жарнама мәтіні ойластырыңыз.
3) Қазақ халқының дәстүрлерін насихаттайтын жарнамалық роликке жарнамалық мәтін жазыңыз.

Показать ответ
Ответ:
марат172
марат172
06.07.2021 10:31
Менің сүйікті пәнім - ағылшын тілі. Неліктен дейсіз бе? Біріншіден, жаңа тілді үйрену маған ұнайды. Тілмен бірге сол халықтың ерекшеліктерімен, мәдениетімен танысасың. Екіншіден, ағылшын тілі халықаралық тіл болып саналады, яғни оны білу арқылы мен халықаралық қатынастарға түсуге, не басқа мемлекеттерден келген адамдармен оңай тіл табысуға мүмкін аламын. Үшіншіден, ағылшын тілін тереңірек оқыған сайын онда кездесетін "тұрақты тіркестер" (идиомалар), ауыспалы мағынада құралған сөздерге таңданамын. Тіпті өзімді жаңа материк ашқандай сезінемін! Төртіншіден, қазіргі таңда бар әдебиеттердің көбісі ағылшын тілінде жазылған. Ол әдеби кітап болсын, не ғылыми дерек болсын, көбісі ағылшынша. Сөйтіп, мен бұл тілді білу арқылы ой-өрісімді дамыта аламын. Міне, осы 4 аталған факторлар менің ағылшын тілін сүюіме себеп. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
dalelodaryn
dalelodaryn
19.06.2021 02:58

Тәкәппарлық - көреалмаушылық, қызғаныш секілді жүректің дерті. Бүгінгі таңда тәкаппарлықтың белгісін еңкейген кәріден де, бесіктен белі шықпаған жастардан да байқалады. Бұл адам бойына жараспайтын сипаттың қаншалықты зиянды екенін бірі білсе, енді бірі білмей жатады. Мінеки осы қасиеттен сақтандыру үшін Алла елшісі (с.ғ.с.) хадисінде:

«Жүрегінде тозаңның салмағындай тәкаппарлық болған кісі жәннатқа кірмейді. [4]»

Менменшіл – адам бойындағы жағымсыз қасиет.

Менмендік бойын жайлаған адам тек өзінің түйсігіне, күйзелісіне, қызығушылығына көңіл аударады. Менмендік адамның өзін басқадан артық санап, бақ пен байлықты көтере алмай, ақымақтық пен тәкәппарлыққа салынуынан көрінеді. Менмен адам өзімшіл болып, басқа адамдардың көзқарасымен, пікірімен санаспай, тек өз мүддесін ғана ойлайды. Менмендіктің шектен шыққан түрлері психикалық аурулардан да байқалады

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота