Тыныс белгілерін дұрыс қойып, сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдырып жазыңдар. Сұраулы сөйлем Ендігі жылы 8-сыныпта қалай оқисың? Ат-шанаға 5-6 шақырым да сөз болып па? Сатай, атты сонша қинап керегі не? Қарайып өлетініңді, одан кейін еш уақытта тірілмейтінніңді ойлайсың ба? Жаңа артымыздан менің атымды атап біреу сонша айқалады, сен емессің бе? Сөйтіп, ен
Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың қатарына жатады. Мұнда ауа бассейні табиғи және антропогендік жолдармен ластанады.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. “ Маңғыстау мұнай “ өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23мың т жетеді.