ТЫҢДАЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ
Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1. Тыңдалған мәтінде бірлік туралы қандай мақал бар?
2. Қазақстанда қанша ұлт өмір сүреді?
3. Халықтың көңілін көтеру үшін қандай жарыстар ұйымдастырылады?
4. Еліміздегі этностарды жақындастыру үшін не өткізіледі?
5. Мәтіндегі мәдени орталықтың аты қалай аталады?
ПОМАГИТЕ
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.