Тыңдалым Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка Құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған.
Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі - Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог.
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.
(125 сөз)
Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз (3 cөз немесе сөз тіркесі).
[1]
Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаңыз.
[1]
Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды?
[1]
Кітапханада қай елдің туындылары сақталған?
[1]
Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
В этом году у меня много свободного времени. Утром перед школой смотрю телевизор или включаю компьютер. По выходным мы с друзьями отправляемся на прогулки. Мы с подругами ходим в кино, гуляем по улицам, общаемся и весело проводим своё свободное время. Каждый раз мы очень ждем каникул. На зимних каникулах мы выезжаем за город с семьей и катаемся на горках. А на длинных летних каникулах с друзьями ходим в аквапарки и в парки. Я люблю весело проводить своё свободное время