ТОПТЫҚ ЖҰМЫС 4
Есептерді шығар.
а) 1500 бөлшек жасап шығару керек. Бір станок бұл жұмысты
15 сағатта, ал екіншісі 10 сағатта орындайды. Екі станок бір
уақытта бірдей жұмыс істесе, барлық бөлшекті қанша уақытта
жасап шығарады?
ә) Кітапханадағы 18 000 кітапты қайта түптеу керек. Бір ше-
берхана бұл жұмысты 3 күнде, ал екіншісі 6 күнде орындайды.
Егер екі шеберхана бір уақытта бірдей жұмыс істейтін болса,
онда барлық кітапты қанша күнде түптеп бітеді?
Отырар — Орталық Азиядағы ең көне және әдемі қалалардың бірі. Араб жазбаларында бұл қаланы Фараб деп атаған. Отырар жеріндегі алғашқы қоныстар VIII ғасырда пайда болған. Жібек жолының бас тармақтарының бірінде орналасқандықтан қала дамып, тез арада көркейе бастады. ХІІ жылға қарай Отырар қаласы шеберлер мен өнерпаздар шоғырланған үлкен сауда орталығына айналды. Бұл жерде сарайлар, керуен сарайлары мен қала көшелері пайда болды. Отырар қаласы туралы бір кызықты ақпарат-дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана Отырар қаласында орналасқан. Отырар қаласында тек кітапханалар жоқ, медреселерде бар.Отырар қаласында ортағасырлық діни оқу орны да болған. Ол VIII ғасырдың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген. Медреседе әр аймақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленетін болған
Отырар қаласы өте әдемі тарихи қала, маған бұл қала өз туған қалам ретінде үңайды.
Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан облысы), Моңғолия (Гобь Алтайы — Баян-Өлгей аймағы, Ховда аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесінің, Алтай аймағы).