ТОЛТ 4-тапсырма. Сөйлемдерді екпін қойып оқы.
Мұралардың ең қымбаты – сөз (Ғ. Мұстафин).
Біз соңғы асуға келіп тірелдік. Бұл асудың арғы жағында өзі
— жалпақ ел бар. Ол – сенің атамекені
талай айтқан Жетісу жері
(С. Жүнісов) Қазақ халқының салт-дәстүрлері – ел қазынан
(С. Кенжеахметұлы ). Тама-ша-а! Бұл бір ке-ре-мет хабар болды
бабалары
Тоқтар Әубәкіров әлемнің 256-шы ғарышкері. Ол қаһарман атанып, қазақ халқының мерейін тасытар сәттен бұрын ұшақпен ұшудың жаңа әдісін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Ал, Талғат Мұсабаев әлемнің 309-шы ғарышкері. Ұшқыш Талғат Бигелдиновтың жолын жалғаған ол бір айда 5 рет, яғни 30 сағат 8 минут ғарыш кеңестігіне сапар жасағаны үшін Гиннесстің рекордтар кітабына енді.
Талғат Мұсабаев алғашқы «ғарыш хирургы» бейресми атағын алған. 2001 жылы ғарышқа бірге аттанған америкалық миллионер турист Денис Тито әуе кемесінің ішінде басын жарақаттайды. Экипаж командирі ретінде қазақ ғарышкері аспан кеңістігінде ұшып жүріп, жарасын тігеді. Осылайша, Талғат Мұсабаев елінің ғана емес, бүкіл әлемнің батыры атанды.
Әлемнің 545-ші ғарышкері, жерлесіміз Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде, бір айда дүниеге келген. Бір оқу орнының түлектері.
Тәуелсіз Қазақ елінің ең үлкен жетістіктерінің бірі – ғарыш кеңістігін игеру екені сөзсіз. Осы жолда күні бүгінге дейін қыруар жұмыс атқарылып, қазақ ғалымдары өлшеусіз үлес қосуда.
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды.