Толп сорле, жеке
ЖАЗЫЛЫМ
9-тапсырма. «Ашамайға мінгізу». Салтты өткізудің нұсқау-
лығын жаса. Нұсқаулықта мәтіндегі ақпараттарды пайдалан.
Ашамайға мінгізу. Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін
жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу сал-
танаты. Жас бала есі кіріп, 6-7 жасқа келген соң, оған
тай атап, балаға арналған «ашамай» деп аталатын ер жаса-
тып, қамшы өріп, «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып,
үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді.
Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі
көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке,
адамгершілікке тәрбиелеу осы ашамайға мінгізу арқылы да
көрінеді. Ақ тілекті аналар шашу шашады. Ересек балалар тайға
мініп, жарысады. Аяғы шағын тойға ұласады.
АЙТЫЛЫМ
10-тапсырма. Тексер! Бағала! Тапсырманы орындау бары-
сында грамматикадан алған біліміңді қолдана алдың ба?
Бірақ біз онымен айтыса бастадық.Сонда ол бізге тағыда бір тыйым сөз айтты"Үлкендердің алдын алма"деп.Енді біз бас киіммен ойнауды ұйғардық. Онда да əже бас киімді лақтырып ойнамаңдар, ол да қазақтың бір тыйымы деді.Бұл тыйымдардан басқа қазақтарда олар орындап жүретін тыйымдар да бар.Мен де осы тыйымдарды сақтауға тырысамын,өйткені, ол тыйым сөздердің терең мағынасы бар.
Жауаптары:
Жауаптары:12 - билет
3) Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздер:білімнің, адамның.
20-билет
1) Мәтінді оқып,сұрақтар қой.
1.Қандай адам болашақта дегеніне жетеді? (Арманшыл адам)
2.Қай кезден бастап адам өзінің жүрегі қалаған мамандыққа бейімделе бастайды? (Жас кезден)
3.Жастардың басты міндеті қандай? (Ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу ).
23-билет
2) Жалғаудың түрлері,мысал.
Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша.Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.Мысалы,еңбек,еңбектің,еңбекке,еңбектен,еңбекті,еңбекте,еңбекпен т.б.
Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер).
Жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.Мысалы,мен бардым,ол отырды,біз келдік т.б.
25-билет
2) Үндестік заңының ережесі,мысал.
Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз.
Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.
Тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
3) "Азамат","қайраткер" сөздерін жіктеу.
Жекеше:
І жақ:Мен азаматпын,қайраткермін.
ІІ жақ: Сен азаматсың,қайраткерсің.
Сыпайы түрде:Сіз азаматсыз,қайраткерсіз.
ІІІ жақ:Ол азамат,қайраткер.
Көпше:
І жақ: Біз азаматпыз,қайраткерміз.
ІІ жақ:Сендер азаматсыңдар,қайраткерсіңдер.
Сыпайы түрде:Сіздер азаматсыздар,қайраткерсіздер.
ІІІ жақ:Олар азамат,қайраткер.