Тоқылдақ тұқымдастар (Рісidае) - ерекше ұзын қашау тәрізді тұмсығы бар шағын және орташа денелі (300 г шамасында) тоқылдақтәріздес құстар отрядына жататын тұқымдас құстардың бірі. Тұмсықта бойлай созылған қырлар мен қатпарлар болады, тілі - ұзын және нығыз, тұмсықтың ұзындығындай алға созылып шығуға бейім, тілінің ұшы үшкір, арнайы сөл шығатындықтан, жабысқақ болып келеді. Тоқылдақтар осы тұмсықтың жәрдемімен қабық тесігі мен жарығына және сүрегіне тереңірек бойлап, бунақденелілерді және олардың дернәсілдерін жапсырып немесе шаншып алады. Жабын қауырсындары - қатқыл, көбінесе ашық түсті. Құйрығы - ұзын, конус пішінді қатқыл. Құс құйрығын таяныш етіп, қысқа және өте имек, өткір тырнақтарымен тік бетке жабысады. Аяқтары - қысқа және күшті екі саусағы - алға, екі саусағы - артқа бағытталған 4 саусағы болады. Орман құсы, отырықшы өмір сүреді, кейде шағын қашықтыққа қоныс аударады. Топ та үйір де түзбейді. Моногамиялы, жұбын көптеген жылдар бойы жиі сақтайды. Қабықта және сүректе тіршілік ететін бунақденелілерді және солардың дернәсілдерін жейді, дегенмен затия бетіндегі азықтарды да шоқиды. Күзде және қыста тұқымдар мен жемістерді жейді. Тоқылдақтар отрядында 207 түрді қамтитын 34-35 туыс бар. Қазақстанда 5 туыстан 8 түр кездеседі.
Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді. Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардың жаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін алып жейтін жерін “дүкен” деп атайды. Мұндай “дүкендердің” астында қарағайдын, бірнеше мыңдаған тұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздаған осындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды
Бұрынғыдай ақындардың бір-бірінің намысына тиіп сөйлеудің жоқтығын қазіргі ақындардың моральдық тұрғыдан кемелденуі деп бағалайды. Әрине, қоғамның дамуы мәдениеттілікті талап етеді және қазіргі айтыс ру айтысы емес, бүгінде өз руына артықшылық беруді қай орта болса да, төмендік деп таниды. Ал, айтыста, қалайда, жеңу керек болған соң алдындағы адамның сарылығын немесе қаралығын айту, осы деңгейдегі түрлі теңеулерді құрал ету қазірде жас талап арасында жиі кездеседі. Адамның дене бітіміндегі кемшілікті тілге тиек ету бұрыннан бар, алайда, ол кезде тиісетін ақынның сөзі де, жауап берушінің де шешендікпен қайтарар сөзі дайын болған соң айтыстың ширақтығы сезіледі
Қазақстан Жазушылар Одағы - Қазақстан Республикасының әдебиетші қауымын біріктіретін Республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым.Қазақстан Жазушылар одағының алғаш ұйымдасуы ҚазАПП болып құрылған кезден басталады.
1925 жылы 18 маусымда РК(б)П Орталық Комитетінің «Партияның көркем едебиет саласыңдағы саясаты туралы» деп аталатын арнаулы қаулысының қабылдануына орай, сол жылғы 12 шілдеде РК(б)П-ның Қазақ Өлкелік Комитетінің секретариаты Қазақстанның пролетариат жазушыларының ассоциациясын (ҚазАПП) ұйымдастыру жөнінде ұйғарым жасады. Құрамында С. Сейфуллин, Б. Майлин бар ұйымдастыру бюросы құрылды. Бұл ұйымға республикадағы әдебиет күштерін біріктіру және пролетариат жазушыларының Бүкілқазақстандық 1-конференциясын әзірлеу тапсырылды.
1926 жылы маусымда Қызылорда пролетариат жазушылары ассоциациясының бюросы құрылып, ҚазАПП-тың жарғысы қабылданды, оған мүшелер тартылды.
1932 жылы 28 сәуірдегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Әдеби-керкем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулысы негізінде Қазақстан Өлкелік партия комитетінің секретариаты мамыр айында қарар қабылдады, осыдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы құрылды, ұйымдастыру бюросының төрағалығына I.Жансүгіров тағайындалды.
1932 жылы Қазақстанның Кеңестік Жазушылар Одағын ұйымдастырды. Қазақстан Кеңес Жазушыларының 1-съезі 1934 жылдың 12 - 18 маусым аралығында өтті.
Құрамында проза, поэзия, драматургия, көркем аударма, балалар мен жасөспірімдер әдебиеті, публицистика мен очерк, сатира, орыс әдебиеті, неміс әдебиеті, корей әдебиеті, ұйғыр әдебиеті жөніндегі шығармашылық кеңестер жұмыс істейді.
Қазақстан Жазушылар одағы туысқан республикалардың жазушылары ұйымдарымен байланысты нығайтты; Азия, Африка жазушыларымен, мәдениет қайраткерлерімен де ынтымақтастықты күшейтті. Осының нәтижесінде 1973 жылы Азия мен Африка елдері жазушыларының 5-конференциясы Алматыда өтті [1].
1925 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының он шақты мүшесі болса, қазіргі уақытта 810 мүшесі бар. Қазақстанның 11 облысы мен Астана қаласында бөлімшелері жұмыс істейді. Қазақстан жазушыларының ішінен Ғ.Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері (1974), М.Әуезов Лениндік сыйлығының (1959), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1949), Ж.Жабаев (1941), Ә.Нұрпейісов (1974), Ж.Молдағалиев (1978) КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды. Ә.Әлімжанов (1970), А.Шамкенов (1992) Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.