– ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Жиынтық бағалауға шолу
3 – тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
Тақырып
Оқу мақсаттары
*Тапсырма
түрлері
Оқылым
Ғаламтормен
дұрыс жұмыс
жасау – мәдениет
Музыка.
Қазақтың киелі
домбырасы
Төрт түлік мал
мен егіншілік – ел
берекесі
Наурыз мейрамы.
Ақ мол болсын!
Ұлыс оң болсын!
7.О5. Қосымша ақпарат көзде-рінен алынған мәліметтерді кесте,
сызба, шартты белгі-лер түрінде ұсыну
Қысқа
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
5
Жазылым
77.Ж5. Тақырып бойынша сөздер-дің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер);
оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
7.ТБ2. Жазба жұмыстарында үстеу сөздердә қолдану.
Толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
10
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 20 минут
Жазылым – 20 минут
саны: 15
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады:
біріншісі - оқылым,
екіншісі - жазылым
7 – сынып.
3 – тоқсандық бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ТЖБ №3
Оқылым
1 – тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. (Внимательно читайте текст и выполняйте задания ниже)
Киіз үй
Киіз үй – Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Киіз үй – қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй. Ол көшіп – қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстан шыға берген. Киіз үй торкөз керегелерден және уық пен шаңырақ, киізден тұрады. Киіз үйдің ағаш қанқасы үш бөліктен құралады: кереге, уық, шаңырақ. Қазақтардың үйі көшпелі тұрмысқа беймделген.
Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Көлеміне
және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді.
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1. Мәтін не туралы?
А) қазақ халқы туралы
В) киіз үй туралы
С) Қазақстан туралы
D) барлық нұсқалар дұрыс
2. Ақпараттарды дұрыс /бұрыс/ айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз. (Сопоставьте информацию с правильной/неправильной)
1. Киіз үй тез құрылып, бірақ баяу жиналады.
А) дұрыс
2. Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы.
В) айтылмаған
3. Абай киіз үйде отырғанды жақсы көреді.
С) бұрыс
Жазылым. Берілген тақырыбына 50 – 60 сөзден тұратын әңгіме жазыңыз. Жазылымда үстеу сөздерді қолданыңыз. (Напишите рассказ из 50-60 слов на заданную тему. Используйте наречия)
1. Біз отбасында Наурыз мерекесін қалай қарсы аламыз?
2. Төрт түлік малдың адамға пайдалы екенін білесіз бе?
3. Сенің сүйікті әншің кім?
4. Ғаламтор біздің өмірімізде
Үстеулер
Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.
1. Мезгіл үстеулер
2. Мекен үстеулер
3. Мөлшер үстеулері
4. Сын (бейне) үстеулері
5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері
6. Мақсат үстеулері
7. Себеп-салдар үстеулері
8. Топтау (бөлу) үстеулері
Мезгіл үстеулер
Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
Мекен үстеулер
Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
Сын (бейне) үстеулері
Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.
Мөлшер үстеулері
Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
Күшейту (я ұлғайту) үстеулері
Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
Мақсат үстеулері
Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
Себеп-салдар үстеулері
Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
Үстеу сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады.
Бердібек Соқпакбаевтың «Менің атым Қожа»атты шығармасының кейіпкерлері
• Қожа — Шығарманың басты кейіпкері. Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, университетке түсу. Жазушы болу.
• Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
• Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
• Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.
• Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.
• Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
• Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
• Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.
• Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
• Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
• Жақанов — Қожаның сыныптасы.
• А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".
• Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.