В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
faire6
faire6
29.08.2021 10:44 •  Қазақ тiлi

Өткен мәнін мазмунына байланысты неазылған сөйлемдердегі калган ақпараттарды тауып , дұрыста . Сақтар мемлекетінде егіншілер мен малшылардың орны жоғары болды . Одақты сақ көсемдерінің кеңесі сайлаған жауынгерлер биледі . Сақ қоғамы тертке бөлінеді : әскерлер , абыздар егіншілер , малшылар . Сақ жауынгерінің қару- жарағы мен сауыт - сайманы түгел болмаған . Еуропада мұндай қарулар ежелгі дәуірлерде пайда болды . Бағалау критерийі : Мәтінде берілген жалған ақпараттарды табу , дұрыстау ,​

Показать ответ
Ответ:
evelinastepenko
evelinastepenko
12.05.2023 04:25
8 ЖАУАП+3дауысЖақсы Жауап

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. 
Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. 
Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. 
Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. 
Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, анатілін айрықша қорғайды. 
Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. 
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. 
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. 
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
vfedkina35
vfedkina35
19.04.2022 22:19

Ғаламтор - заман талабы.

Қаңтардың соңғы жексенбісі – «Халықаралық интернетсіз күн» болып жарияланған. Оның мақсаты – бір күн болса да компьютерден адамдардың көңілін бөлу.

Соңғы жылдары Интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар ... Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді. Тіпті БАҚ өз сайттарын құрып, сол жерде жаңалықтар жариялайды. Әрине, ғаламтордың арқасында сіз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарыңыз бен достарыңызды көре аласыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аласыз, қашықтан оқып, білім аласыз ...

Дегенмен, әр нәрсенің шегі болу керек. Бұл сөздер ғаламторға да қатысты. Себебі бір нәрсе іздеп отырып, басқасын көзін шалып қалып, қызықтың жетегіне еріп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай да қаласың. Ал сол уақытты отбасыңмен немесе достарыңмен өткізіп, пайдалы іспен айналысуға болады. Қазір байқасаңыз жиын – тойларда, достардың кездесуынде жастар бір – бірімен сөйлесіп, әңгімелесудің орнына телефондарына үңіліп отырады. Бұл да ғаламтордың кері әсері деп білемін. Сондықтан ғаламторды тек қажетті уақытында пайдаланып, бос уақытты өзіңізге, отбасыңызға арнаған дұрыс деп есептеймін. Себебі айналаға қарасаңыз қызықты істер жетерлік: отбасылық кештер, таза ауада серуендеу, достармен кездесу, түрлі ойындар, жиындар, концерттер... Бір күнді ғаламторсыз, яғни оффлайн өткізіп байқап көріңізші.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота