ТЕСТ 7 сынып Тест
1. Дара зат есімді тап.
А) тұрғын В) оқу С) тасбақа Д) қиял Е) ата-ана
2. Күрделі зат есімді тап.
А) зейін В) білгіш С) әдеп-ғұрып Д) самғау Е) бос
3. Жалпы есімді тап.
А) «Абай жолы» В) Құлагер С) Балқаш Д) «Жас Алаш» Е) Тау
4. Негізгі зат есімді тап.
А) күнделік В) көркем С) ұлық Д) қол Е) ұғу
5. Деректі зат есімді тап.
А) тас В) шабуыл С) дәулет Д) азап Е) ар-ұят
6. Дерексіз зат есімді тап.
А) алтыбақан В) жер С) даңқ Д) дария Е) жусан
7. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтарын тап.
А) –лық,-лік В) –жан,-еке С) –ғы,-гі Д) –ым, -ім Е) –к,-ік
8. Жалқы есімі бар сөйлемді тап.
А) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.
В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.
С) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
Д) Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек,қызыл пүліш камзол.
Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол
9. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты тап.
А) Өнерлі бала сүйкімді. В) Көп сөз—күміс С) Ел жасымен көрікті
Д) Халық сөзі—қаһарлы. Е) Отан—оттан да ыстық.
10. Туынды сын есімді тап.
А) жылтыр В) биік С) момын Д) кенді Е) жұмсақ
11. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді тап.
А) екі В) он сегіз С) жиырма алты Д) он Е) мың
12. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?
А) X –сынып В) 2004-жылы С) 24-қараша Д) 1-інші үй Е) 3-алма алды
13.Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді тап.
А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін.
С) Өзің үлкен,қылығың—бала-шаға.
Д) Еріншектік—күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Е) Әрбір жинақылықтың түбі—кеніш.
14.Болымсыздық есімдігін көрсет.
А) бірнеше В) саған С) дәнеңе Д) әлдекім Е) түгел
15.Болымсыз етістікті тап.
А) Қалам бар (ма) В) Бұл—шығар(ма) С) Сабақтан қал(ма)
Д) Қызық жарна(ма) Е) Атым Ал(ма)
16. Етістіктің болжалды келер шақ түрін тап.
А) сөйледі В) сөйлеген С) сөйлер Д) сөйлейді Е) сөйлеп отыр
17. Етістіктің жедел өткен шақ түрін көрсет.
А) жеткізер В) жеткізген С) жеткізетін Д) жеткізеді Е) жеткізді
18. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді тап.
А) Қадірледі В) қадірлейтін С) қадірлеген емес
Д) қадірлейді Е) қадірлепті.
19. Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді тап.
А) танысқан екен В) танысты С) танып тұрмын
Д) таниды Е) танитынмын
20. Күрделі нақ осы шақты тап.
А) айтып тұрды В) алып жүрген С) бара жатыр еді
Д) оқымай жүр Е) Сурет салып отырмақшы
21 Мезгіл үстеуін көрсет.
А) өте үлкен екен В) ілгері жүрді. С) әрең ұйықтады.
Д) Қыруар жұмыс істедік Е) Бүрсігүні аттанды.
22. Мекен үстеуін тап.
А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты.
С) Қасақана істеген. Д) Амалсыздан үйіне жүрді.
Е) Қолма-қол тапсырды.
23. Мақсат үстеуін тап.
А) әлгінде,емін-еркін В) орасан,әжептеуір С) жорта,әдейі
Д) тысқары,мұнда Е) Амалсыздан,бекерге
24. «тым,ең,кілең» үстеулері үстеудің қай түріне жатады?
А) мекен үстеуі В) мезгіл үстеуі С) күшейткіш үстеуі
Д) мақсат үстеуі Е) себеп-салд
25. «қалай қарай?» сұрағы қай үстеуге тән.
А) мақсат В) мезгіл С) мекен Д) сын-қимыл Е) мөлшер
НУЖЕН ОТВЕТ
Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме? тақырыбына диалог құрастыру.
Дәрігер: Сәлеметсіз бе, қандай шағымыңыз бар?
Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?
Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.
Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?
Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.
Объяснение: