ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтар
ХХI ғасыр өмірге түрлі жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. А естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда. Ол негізінен ақпараттық технологиялардың тез дамуына, қызмет көрсету саласының түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардың атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ дамып жатқан компаниялар бүгінде осындай мамандар іздеп жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;
логистик - жүк тасымалын қадағалайтын маман;
промоутер - компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкіл;
супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;
веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;
копирайтер - сайт үшін контент құрушы;
коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;
интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;
девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;
сомелье - мейрамханада сусындардың таратылуына жауапты кәсіби маман;
джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;
рецепшеонист – тұтынушыларды қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын маман.
Тізімдегі мамандықтарға анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық,
девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те
солай. Бірақ бұл мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келе жатыр. Дегенмен бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы, Javascript-программист мамандығы бұған дейін веб-программист деп аталатын. Бұрынғы бастықтар - менеджер болып шыға келді. Еден жуушылар - хаус-киперге айналды. Соған қарамастан жаңа мамандықтардың басым бөлігі - IT саласының дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер.
1. Мамандықтар мен олардың қызметіне қатысты сөйлемді дұрыс табыңыздар.
мамандықтарға анықтама толық берілген
интервьюер - әлеуметтік зерттеулерге сауалнамаға, сұхбат жүргізетін маман;
Соған қарамастан жаңа мамандықтардың бөлігіне келмейтін - IT саласының дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер.
джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;
Назад
Вперед
Сона-а-ау, еліміз егемендік алған, яғни тарихқа кеткен жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алған тұста кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілі үйірмелері ашылып, тіпті кеңес дәуірінің ықпалымен орыстілді болып кеткен отбасылар да ана тілін үйренуге бет бұрып, әбден тілге сусындап қалған халық жаппай белсенділік танытып, жүйелі жұмыс жанданып сала беріп еді. Керек десеңіз, қаладағы жолаушы тасымалдайтын көлік автобус пен троллейбустарда да аялдама аттары қазақ тілінде хабарланып бір ерекше құлшыныс пайда болды. Бірақ кенеттен осы жұмыстардың бәрі пышақ кескендей сап тиылып, мемлекеттік маңызы бар шара тек уақытша науқаншылыққа айналғанын сонда ғана ұқтық.
Алла барлық құстарға:
-Бір күн рұқсат берем. Өздеріңе ыңғайлы қоныс тауып алыңдар. Сол жерге ұя салып, тіршілік етіңдер,-деп әмір береді.
Бүркіт асқар тауды ұнатып, қияға ұя салды. Қызғыш судың ішіне жайғасты. Шағала теңізді, үйрек көлді, бозторғай жазық даланы ұнатты. Қарлығаш Ыбырайым пайғамбардың шарапатынан адамның шаңырағынан жай алды. Ымырт уйірілгенше құстар өздеріне ұя таңдап, жайғасып үлгерді.
Көкек қана сайды еңіс, тауды биік, суды суық деп кірпиязданып жүріп алды. Алланың үкімі екеу болмайды. Кесімді мерзім жетеді. Ұлық Алла құстардың таңдаған қоныстарын өздеріне жайлы мекен етіп берді. Кірпияз көкек ұясыз қалады. Әліге дейін өзіне тиесілі ұя-жайы жоқ. Содан бастап жұмыртқасын басқа құстың ұясына салуға мәжбүр екен.
Объяснение: