Адам өміріне зиянын тигізетін құбылыстың бәріне қарсы ырым жасау арқылы атабабамыз отбасы мүшелері мен жақындарын қауіпқатерден талай сақтап қалған. Арада қаншама ғасырлар өтсе де, ұмытылмайтын қазақтың ырымы ұрпақтанұрпаққа ауысып келе жатыр. Жаңа заманның жаңа қазағы ретінде қаншама сенбейін десек те, шалқақтаған шаруамыздың ырымын жасасақ, түзеліп жүре беретіні рас дейді кейбірі. Айта берсек, қазақтың ырымы көп. Белгілі тарихшылар, дін қызметкерлері ырым-тыйымдар мен тұрмыстық наным-сенімдер ұқсас дейді. Аяқ басқан сайын алдыңнан шыға беретін қазақтың ырымдарының маңызы қаншалықты? Ешнәрсені де негізсіз айтпайтын және тектен-текке жорамал жасамайтын ата-бабаларымыз өмір сүру барысында, тұрмыста жинаған ілім-білімдерін мақал-мәтелдер мен ырымдар арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізді. Сөйтіп, тумысынан текті халық сақтандыру шараларының өзін тәрбие құралына айналдыра білді.
Қазақ елі Тәуелсіздігін жариялағаннан бергі уақыттың ішінде талай қиын белестерді артқа тастап, дамудың даңғыл жолына түсті. Ел болып еңсе түзеген де бір абырой екен, елордамызда қаншама рет әлемдік деңгейдегі шаралар өтті. Әлемнің мүйізі қарағайдай айтулы тұлғалары арнайы ат басын бұрып, мәртебелі мейманымыз болды. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің арқасында әлем елдері Қазақстан деген кең-байтақ отанымызды тани бастады. Күн санап асқақтаған абырой-беделіміз ақыры бізге «Expo-2017» сияқты халықаралық бірегей көрме өткізуге қолымызды жеткізді. Біле білгенге бұл да үлкен бақыт!