ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Мәтінді оқы: «Атқа міну мәдениеті ұлы даладан тараған» деп айтудың себептерін ата.
Ең алғаш атқа міну мәдениеті Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылғаны дәлелденді. Мұнда табылған аттардың азу тістерінде ауыздықтың ізі қалған. Ол жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, тымақ та табылған. Ботайлықтар жылқыны мініс көлігі ретінде пайдаланып қана қоймай, бие сауып, қымыз ашытып, шипалы сусын өндіруді де меңгергенін көре аламыз. Атқа міну мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар.
Петербург академиясының академигі, түрколог, этнограф, шығыстанушы В.В. Радлов қазақ өлкесінің зерттелуіне үлкен үлес қосты. Мысалы, Орталық Азияны, оның ішінде Қазақстанды зерттеуде академик В.В.Радловтың еңбегі маңызды. Ғалымның «Из Сибири» деп аталатын еңбегінің «Тюркские степные кочевники» атты бесінші тарауында қазақ этнографиясы, оның ішінде мәдениеті жайлы көп айтылады. В.В.Радлов «Қазақтар аттың үстіне отыруды бала кезінен үйренеді, отыратын ері ашамай деп аталады, әр адам тамаша шабандоз» деп жазды.
Сонымен қатар, В.В.Радлов қазақ халқының ұлттық ойындарына, оның ішінде жылқымен байланысты ойындарға тоқталды. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі – теңге алу. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Жерге күміс теңге қойылады. Ойыншылар атқа мініп, шауып бара жатып, жердің үстінде жатқан тиынды еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Ақшаны сыйлық ретінде ат үстінен алған адам иеленіп кетеді, сөйтіп жеңімпаз атанады.
ответ:Себебі атқа міну ұлы даладан басталған
Объяснение: