ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Берілген сілтеме бойынша
бейнежазбаны мұқият қара немесе
берілген мәтінді түсініп оқы. "Қазақ"
атауы қандай мағына білдіретінін жаз.
о
Қазақ халқының қалыптасу тарихы сонау ерте заманнан басталады. Ертеде
қазақ жерінде өмір сүрген сақ тайпалары бет-әлпеті жағынан еуропалық нәсілге
жатқан. Көп ғасырлар өте келе сақ, ғұн, үйсін, қаны тайпалары туыстас кешпелі
тайпалар - түрік, түргеш, қыпшақ, найман, арғын, дулат және басқа да әр дәуірде
өмір сүрген тайпалармен өзара жақындасып, араласып кеткен.
Монғол тайпалары да қазақ халқының қалыптасуына өз әсерін тигізді.
Жылдар өте келе әртүрлі тайпалар мен рулардың шаруашылық байланысы нығайды.
Туыстық ынтымағы арта түсті. Тілі, келбеті, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салты ортақ
сипатқа ие болады. XIV-XV ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар
ортақ түркі тілінде сөйледі. Әртүрлі тайпалар бір-бірімен араласып, олардың
арасындағы айырмашылықтар жойылды, сөйтіп, қазақ халқы қалыптасты.
«Қазақ» деген атаудың шығуы туралы көптеген пікір бар. «Қазақ» атауы көне
түркі тілінде «еркін адамдар» деген мағынаны білдіреді. Қазақстан жерін мекендеген
үйсін, сақ, ғұн, қаңлы және сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып
табылады. Қазақ халқының қалыптасуы Жәнібек пен Керей сұлтандар құрған
тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды.
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.
Кезекшілік туралы диалог құрастыру.
Алтынай: Бүгін сыныпта Әлібек, Ханшайым және сен кезекшілік етесіңдер. Ұмытып кетпеңдер.
Алдияр: Есіме салғанын дұрыс болды, мен сабақтан соң үйге қайтып бір шаруаларымды істеймін деп жоспар құрып отырсам ...
Алтынай: Орындықтардың барлығын көтеріп қойыңдар. Ханшайым шаң сүртіп, гүлдерге су құяр.
Алдияр: Жақсы, әрине бәрін реттеп жинастырып кетеміз.
Алтынай: Тақтаны да сүртіп қоюды ұмытпаңдар. Келесі ауысымға таза болып дайын тұрсын.
Алдияр: Жақсы, терезені ашып кетейік пе?
Алтынай: Жоқ, дала жел болып тұр. Ашып кетпеңдер, сынып қалып жүрер. Абай болыңдар.
Алдияр: Уайымдама. Бәрін жинап, дұрыстап кетеміз.