В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
LeXonG
LeXonG
11.04.2022 20:01 •  Қазақ тiлi

Тапсырмалар Оқылым

«Алаш партиясы»

Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық – демократиялық партия. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін 1905-1907 жылдардағы 1-орыс революция жылдарында қолға алды. Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. Саяси партия құру үшін қажетті алғы шарттар тек 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. «Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылы қазан айынан қалыптаса бастады. Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен шамамен қазанның 12-20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей обкомының төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. «Алаш» партиясының бағдарламасы – алғаш рет 1917 жылдың қарашасында «Қазақ» газетінде жарияланған бағдарлама. Оны жасаушылар Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамит Жүндібаев және Ахмет Бірімжанов. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі). Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі болды. «Алаш» партиясының маңызды әрі басты құжаты, оның демократиялық, гуманистік принциптерге негізделген саяси құрылым екендігін көрсетеді.

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. «Алаш» партиясының бағдарламасы қай газетте жарияланды?

А) «Айқап» В) «Қазақ»

С) «Шура-ислами» Д) «Түркістан»

2. «Алаш» партиясының Орынбордағы облыстың ұйымы қашан ашылды?

А) 8 қараша В) 9 қараша С) 10 қараша Д) 11 қараша

3. Партияның бағдарламасына кіретін пунктті көрсетіңіз

А) ел қорғау В) негізгі орта

С) сот Д) дұрыс жауабы жоқ

4. Семей облыстық комитетінің төрағасы болып кім сайланды?

А) Халел Ғаббасов В) Міржақып Дулатов

С) Ахмет Бірімжанов Д) Әлихан Бөкейхан

2-тапсырма.Жазылым.Тарау бойынша өтілген тақырыптардың сұрақтарына жауап беріңіз.

Ахмет Байтұрсынұлы қайда және қай жылдары білім алды?

«Қараой» әңгімесінің авторы кім және ол туралы не білесіз?

1.

2. Махамбет Өтемісұлы кім?

3- тапсырма.Қозы Көрпеш –Баян сұлу жырдағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді белгіле.

Қозы мен Баян қазақ салтын берік ұстады. Сезімдері адал. Қозы – аңғал. Қодарға алданып қалды. Баян – ақылды да айлакер. Қодардан өшін алды.

Қарабай уәдесінде тұрмайтын сараң адам. Сарыбайға берген уәдесін ұмытып кетті. Қызының бақытын ойламады. Қодар – ақымақ, жауыз. Ғашықтардың махаббатына кедергі болдыЖағымды

Жағымсыз

Показать ответ
Ответ:
akhdogru
akhdogru
23.08.2020 22:24
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
0,0(0 оценок)
Ответ:
рптпfgb
рптпfgb
24.06.2020 21:24
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" – деген ақылгөй сөзі –сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "қайран менің Еділім" – деп еңірепөткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", – деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота