В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
superasmik2018
superasmik2018
26.08.2021 15:47 •  Қазақ тiлi

Тапсырма.«мен елімнің болашағымын» тақырыбынасинквейн (бес жолды тақпақ) дайында.бес жолды тақпақтың құрылымы: 1. тақырыпқа қатысты бір зат есім; 2. бірінші зат есімге қатысты екі сын есім; 3. бірінші зат есімге қатысты үш етістік; 4. бірінші зат есімді суреттептолықтыратын төрт кілт сөз; 5. тақырыпты сипаттайтын бір синонимнемесе метафора (зат есім). ​

Показать ответ
Ответ:
Ната911
Ната911
26.10.2020 17:16

Ғалам біз білмейтін дүниелерге толы. Кішкентай күнімнен аспанға қарап, күндіщз күн мен бұлттарды, түнде жұлдыздар мен аппақ айды тамашалап, ұзағынан қарағанды ұнататынмын. Аспан әлемі мені ерекше еліктіретін. "Анау тұрған дөп-дөңгелек айдың үстіне шығып алып, жерге қараса, біздің ғаламшар ол жерден қандай болып көрінер екен? Бұлттан бұлтқа секіріп, күн сәулелеріне шомылсам ғой", - деген ойлар келетін санама. Ғарышқа, аспанға ерекше құмар болдым. Ғарышкер болуды армандайтынмын.  

"Аспанда тіршілік бар ма екен? Бар болса дәл күнге барып, сонда тұрар едім", - деп ойлайтынмын. Дөңгеленген жарқын, сәулелері нұр сыйлайтын Күннің жалындаған от екенін ойламаппын да ғой. Сонда туыстарым, жақсындарымды алып барсам Күн мен Айдан үй тұрғызсақ дейтінмін. Мұның бәрі бала қиял. Бірақ бүгінде небір түрлі жаңалықтар ашылып, құрылғылар пайда болуда. Бәлкім, бір кездері Айда тұру да мүмкін болып қалар.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
MrNikto523
MrNikto523
06.10.2020 17:08

Объяснение:

Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота