Тапсырма. Мәтіннен қатыстық және сапалық сын есімдерді теріп, екі бағанға бөліп жаз. Жанар! Атың қандай әдемі! Сендердің бұл қызбен танысып қоюларың керек. Осы повестің бас кейіпкерінің бірі болуға Жанар- татитын қыз. Екеуіміз бірге оқимыз. Жанар- біріншіден, кластағы ең ақылды қыз. Екіншіден, сұлу және талантты. Әсіресе қызыл береткасын киіп жүргенде, сондай құлпырып, жайнап кетеді. Даусы қандай шіркіннің! Ән салғанда тыңдасаң!, Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билегенін көрсең! Барып тұрған өнерлі қыз. Кластағы бірінші үздік оқушы. Жанарды ойыма алсам, мен қатты қуанып кетемін. Шіркін-ай, былай болса: адам әуелі үлкен болып жаралса. Өмірдегі өзіне тиісті қызмет — мамандығын атқарып болғаннан кейін барып балаға айналса. Сонда маған Майқанова қалай қарар еді? «Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған , оның есімі бүкіл дүниежүзіне мәлім. Олай болса, менің оған ұрса бергенім жарамас, жазушыны сыйлау керек! — деп ойлар еді… Жанардың үйі көшенің басына таман, өзенге таяу. Әкесі -Балабек бригадир болып істеді. Мамасы Қырымға курортқа кеткен… Жанардың үйде жалғыз екенін білгенде қуанып кеттім. «Не де болса, сөйлесейін» деп ойлаймын. — Кеш жарық, Жанар! Жанардың таңданған жүзі дереу күлімсіреді. Қасыма жүгіріп кеп, шарбақтың үшкіл басынан ұстап,бетпе -бет тұра қалды. -Кеш жарық , Қожа. Неғып жүрсің ? — деп сұрады ол. -Мен түнделетіп жайлауға кетем. -Мамаңа барасың ба? -Иә. Сен неге лагерьге бармадың? - Мамам келгенше үйде болып, әжеме көмектесем. Майқанова апай :»Лагерьге келесі кезекке жолдама берем»-деді. Жанар осыны айтты да: -Қожа менің әжем үйде жоқ. Жүр , дойбы ойнайық!- деді.
Менің сүйікті фильмім "Шерлок Холмс". Мен шытырман оқиғаларды жақсы көремін, сондықтан да осы фильмді сүйіп көремін. Маған фильмдегі басты кейіпкерлердің бірден көзге түспес заттардан, болған оқиғаны анық-қанығын айқындап алатыны ұнайды. Шерлок мырзаның жолдасы, Ватсонның қажет кезінде досының жанында табылып, әрдайым көмек көрсетеді. Тығырықтан шығуға септігін тигізеді. Фильмде сол заманның адамдары мен тұрмыс жағдайы жақсы көрсетілген. Шерлок ол жерде тек қана тыңшы емес,әр түрлі жаңалық ашушы және тәжірибе жүргізуші ретінде көрсетілген. Фильмдегі уақиғалар бір-бірмен тығыз ұяласқандықтан, бұл фильімді та кірпік қақпай көруге болады.
Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайы ара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды».
Мен мақал-мәтел ретінде оқып қарап жүрген кейбір мақал мәтелдердің Қорқыт атаның сөздері екенін білдім. Атап айтқанда :
Қыз ақылды ескермес — ана үлгісін көрмесе
Ұл жарылқап ас бермес — әке үлгісін көрмесе
А керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.
Өлгендер қайтып келмейді, Шыққан жан қайтып енбейді.
Құстың қонар жерін су білер, Малдың барар жерін ну білер.
Топырақ тау болмайды.
Ескі киімнің биті ащы, Жетім баланың тілі ащы.
Ана көңілі балада, баланың көңілі далада.
Өмір барда өлім бар
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман

Ат тұяқты келеді, ақын тілді келеді
Өтірік сөз өрге баспайды
Көк шүйгінін киік білер.
Бас аман болса бөрік табылады.
Дәулетті ұл – ошақтың қоры,
Дәулетсіз ұл – атаның соры.
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,
Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.