В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
binfather
binfather
01.10.2021 16:41 •  Қазақ тiлi

Тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып
көрсетіңіз. [6]
А мәтіні

Жетіқарақшы

Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы . Жетіқарақшы
Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның
іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп
отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының
қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде
пайдалаған.
«Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған
баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті
ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы
үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі
батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар
Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты
айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді.
Ә мәтіні

Саяхат бізге не үйретеді?

1. Саяхаттаудың ең қиын кезеңі – үйден шығу. Шынымен де, үйде отырғаныңызда
түзде өміріңізге қауіп келтіретін түрлі жағдайлар күтіп тұрғандай сезінуіңіз мүмкін. Қайда
тамақтанып, қайда ұйықтайтыныңызды білмей дал боласыз. Сізді тіл білмеу немесе
қаржылық жағдай тоқтатуы да ғажап емес.
2. Адамдар әрқашан да жылы шырайлы келеді Дамыған мемлекеттерге саяхаттайтын
болсаңыз ондағы адамдар сізге барынша құрметпен қарайтынына таңғалмаңыз. Тек кейбір
елдердің мәдениеті төмендеу аймақтарында ғана қауіп төнуі мүмкін. Бірақ қай елді
алсаңыз да, ондағы адамдар өзге елден келген саяхаттаушыларға аса зор құрметпен
қарайды, әрқашан көмек беруге дайын тұрады. Олар сізге жол көрсетеді, құдайы қонақ
етеді, өз елінің ең жақсы деген жерлерімен таныстырады, сіздің саяхатыңызға қызығып,
емен-жарқын әңгіме-дүкен құруға дайын болады.
3. Саяхат сіз ойлағандай қауіпті емес. Өзге елдің, қаланың адамдары да өзіңіздің
туып өскен жеріңіздің адамдары іспеттес, сондықтан да сіздің Отаныңыздағы жақсылық
пен жамандық атаулары сапарлап барған жеріңізде де бар екенін ұмытпаңыз. Тіпті кейбір
елдерде қылмыс саны бойынша адам шошытарлық статистика болуы мүмкін. Бірақ мұның
барлығы да біржақты пікірден жиналған ақпарат. Сондықтан да қайбір ел туралы, ондағы
адамдар туралы жаман ойлауға кеңес бермейміз. Тіпті кейбір ақпараттар қаңқу сөзден
құрылған болуы да мүмкін. Сондықтан саяхаттау кезіндегі түрлі қауіп-қатерлер мөлшері
сіздің Отаныңыздағы жағдайлармен бірдей, немесе тіпті аз болуы ықтимал.
А мәтіні Ә мәтіні

Қысқаша мазмұны
Нақты ақпарат

Жазылым

Сіз шетелде ұзақ мерзімді саяхатта жүрсіз. Досыңызға саяхатыңыздың қызықтарымен
бөлісе отырып, хат жазыңыз. Хаттың жанрлық, құрылымдық, ресімделуіндегі
ерекшеліктерді ескеріңіз. [7]
Хат жазуға қойылатын талаптар:
1.сәлемдесу, амандық-саулық сұрасу;

2.өзі туралы, қалай саяхаттап жүргендігі туралы жазу және хат жазу мақсатынан хабар
беру;
3.қорытынды ой, қоштасу.
4. хат соңында есімін және мерзімін көрсету

Показать ответ
Ответ:
Вкуснополлия
Вкуснополлия
15.02.2021 17:53

4-тапсырма.

Мұқағали қандай ақын?Мұқағали адам жанының,табиғат жүрегінің жыршысы,лирик ақын.Ол қай жерді көп жырлаған?Ол туған жері — Алатау мен Қарасазды көп жырлаған.Халық арасында қандай әндері көп тараған?Халық арасында "Есіңе мені алғайсың","Құттықтаймын,мама,туған күніңмен!","Тоқта,балам!","Саржайлау" тағыда басқа.Жайлау табиғатына тәнті болған композитор не деп айтты?Жайлау табиғатына тәнті болған композитор "неге мынау жасыл жайлау туралы ән шағармасқа!"-деп,Саржайлауға арнап өлең жазады.Кім Мұқағалимен бірге Мұқағалидің ауылы Қарасазға демалуға барды?Нұрғиса Тілендиев Мұқағалимен бірге барды.Надеюсь
0,0(0 оценок)
Ответ:
KatyLala
KatyLala
18.01.2023 04:46

Қай халықтың болмасын тіл өмірінде маңызды рөл атқарады. Қандай да бір ұлтты біз түріне және тіліне қарап ажыратып жатамыз. Тіл- руханиятымыз. Барымыз да, нарымыз да сол - тіл. Тіл - ақшаға сатып алуға келмейтін һәм сатылмайтын құндылығымыз. Ол - ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан, қазақ деген ұлтты айқындайтын, қазақ деген ұлттың әлемде бар екенін басқаларға дәлелдейтін кепіліміз ол – тіл. Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры дей келе біз қазақ ретінде өз ана тілімізді қаншалықты сүйеніп, қадірлеп жүрміз? Меніңше, туған тілдің қадірін шетелде жүріп сағынып жүрген адам білмесе, күнделікті өмірде емін-еркін қолданып жүрген біздер біле бермейміз-ау...

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота