-тапсырма. Мәтінді тыңда. Мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ қой.
Компьютермен жұмыс істеу ережесі
Дәрігерлердің айтуы бойынша, компьютерде балалар 2 сағаттан, үлкендер 5 сағаттан
артық отырмауы керек.
Компьютерде жұмыс істеудің ережесін біліп ал.
Компьютерден жарты метр алыс отыр. Компьютерді ойыншыққа айналдырма. Компьютер-
де ұзақ уақыт отырма. Керек кезінде пайдалан. Көзіңнің жанары нашарлайды.
Күнделікті компьютерге отыратын уақытыңды белгіле. Компьютерде отырғанда 15 ми-
нут сайын үзіліс жаса. Үзіліс кезінде көзіңе жаттығу жаса. Оңға, солға, жоғары, төмен қарап,
көзіңді айналдыр. Терезеден алысқа қара. Содан кейін өзіңе жақын тұрған затқа қара.
Осындай жаттығуды бірнеше рет қайтала. Арнайы қорғаушы көзілдірік ки.
Компьютер тұрған бөлме шаң болмауы керек. Компьютердің алдында тамақ ішпе.
Белмені желдетіп, ауасын тазарт. Тінтуірді көп ұстап отыру саусақ ауруына ұшыратады. Ком-
пьютермен дұрыс жұмыс жасай біл!
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді .
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас .
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.