В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
evi020720071
evi020720071
12.09.2022 10:12 •  Қазақ тiлi

Тапсырма .Мәтінді түсініп оқы.
Скандинав елдерінде экологиялық жағдайы жақсы.Швед дүкендері қайтадан қағаз орамаға көшіпті.Қазақ даласын неше түрлі полиэтилен пакет пен пластик бөтелке улап жатыр!
Дүкеннен алған тағамдарды кемінде он пакетпен көтері келеміз. Аптасына екі рет дүкенге барсақ,жиырма пакет жиналады.Нан мен ет полиэтиленмен оралады.Қаймақ,ірімшік,балмұздақ,түрлі тәттілер пластик қораптарға салынады.
Жуынатын заттардың қорабы мен құтысы-пластик.Киім тазалайтын орын оны пластикпен орап қайтарады.Сатып алған кітап,оқулық,дәптер,қаламды «фирмалық»пакетпен береді. Не керек,баяғы кеңестік замандағы торқалта,кенеп дорба,тіпті шыны бөтелкенің орнын полиэтилен өнімі басты.
Кендірден тоқылған торды,кенептен тігілген дорбаны тастауға болады.Өйткені олар табиғи шикізаттан жасалған.Олар шіріп,топыраққа айналады.Пластик бұйымдарды жағу өте қатерлі.Ауаға зиянды заттар бөлінеді.Адамдар мен жан-жануар уланады.Сондықтан шведтер целлофан, полиэтилен,пластик пакеттерден бас тартқан.Олар орама қағаздарды қолданады.
3-тапсырма.Берілген мәтінді оқып,жоспар құр.
4-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырыңыздар. Диалог барысында сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыздар.

Показать ответ
Ответ:
kekys326
kekys326
02.08.2021 04:34

Экспо 2017 бізге не берді деп ойлайсыз?

- мысалы, Экспо-2017 Қазақстанда жасыл экономиканың дамуына серпін берді.

-Шын ба?

-Бірінші бағытқа сәйкес, тәжірибе жинақтау және беру үшін республикада жасыл экономиканың демонстрациялық алаңдары құрылуда.

- Менің білуімше, Қазақстан Еуразия аймағындағы қауіпсіз және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі имиджін нығайтты.

-Иә ол сондай

- Болашақтың энергиясы туралы не естідіңіз?

- Мемлекет басшысы көрменің «Болашақ энергиясы» саласындағы озық идеялар мен технологиялардың дамуына әсер еткен және әлемдегі ғылымның өзара әрекеттесуін күшейтуге ықпал еткен бірқатар жағымды жақтарын атап өтті.

- Экспо біздің елге не көрсетті?

- «ЭКСПО-ны өткізу біздің еліміздің« жасыл »технологияларды дамыту идеясына адалдығын тағы да көрсетті. Жалпы, біздің Көрме «таза энергияны» жаһандық дамытуға өзінің ерекше үлесін қосатынына сенімдімін », - деді мемлекет басшысы.

0,0(0 оценок)
Ответ:

1) Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті – тұрақты тіркес дейміз.Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеологизм деп те аталады.Ерекшеліктері: 1.Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді.Мысалы: "қабырғаңмен кеңес" — "ойлан", "бесіктен белі шықпай" — "ерте" мағыналарын білдіреді.

2.Құрамындағы сөзді басқа сөзбен алмастыруға келмейді."Қой аузынан шөп алмас" дегеннің орнына - "түйе аузынан шөп алмас","ит жанды" дегеннің орнына "мысық жанды" деп өзгертіп айтуға болмайды.

3.Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі "көзі ашық, көкірегі ояу" тұрақты тіркестің сұрағы қандай?" Саналы " деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады.

2) "Ата көрген – оқ жонар,ана – көрген тон пішер" демекші,қазақ отбасында ұл бала әкеге қарап,қыз бала анаға қарап есейеді.Екеуі ата-анадан бірдей тәрбие алғанымен,олардың істейтін істерінде айырмашылық болады.Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш,малсақ, жауынгер,әншi,күйшi,аңшы,құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен.Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi,iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген.Әсiресе,әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсiлдерiн үйретуге тырысқан.Қыздардың инабатты да ақылды, көргенді болып өсуі анасынан алған тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.Анасы қызын аналық махаббатқа бөлеп,сырласып,үй шаруасына икемдеп,рет-ретімен санасына сіңіріп,ертең бір шаңырақтың келіні болатынын есіне салып отырады.Аналары өз қыздарына тоқыма тоқып, құрақ құрап,кесте тігу,үй ұстауды,тамақ пісіруді,кір жууды,қонақ күтуді жетік үйретеді.

3) Тұрақты тіркес көркемдеуіш сөздерге жатады.Тұрақты тіркеспен сөйлемге мән мен сән беріп,оны жандандыра аласың.Мұндай тіркес сөйлемде көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді:қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота