тапсырма. Мәтінді оқыңдар, кестені толтырыңдар Соғыс жылдарында қазақ халқы Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Соғысқа 500- ден аса жерлесіміз қатысып, 97 жауынгер қазақ «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Олар: Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова т.б. Сонымен қатар, қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиясының жауынгерлері де ерлікпен шайқасты. Бейсекбаев Бақтыораз - әуе атқышы, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, Ресей Федерациясының батыры. Ол 1941 жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару- жарақ қоймасына бағыттап, ерліктің жарқын көрінісін көрсетті. 1945 жылы Рейхстаққа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев 1999 жылы Халық қаһарманы атағын алды.
Сарымай – қой, ешкі, сиыр сүтінен алынған қаймақты күбіде пісу арқылы алынатын тағам. Сарымайдың түсі сары әрі сүт тағамдарының ішіндегі ең майлылығы мол, құнарлысы.
Сары уайым – адамның жан дүниесіндегі сағынышпен,рухани мұқтаждықты сезінумен байланысты ұзақ уақыт бойына құлазу,қайғыру сезімі.
Сары уыз – енді ғана төлдеген малды бірінші рет сауғанда алынатын уыз.
Сары ауыз – көрінген әйелге көз сүзіп, сөз айтатын еркек.
Сары су – сүтті өңдеу арқылы сүзбе мен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім.Тағы бір мағынасы адам организмінде ұзақ процестердің нәтижесінде тіндер мен органдар арасында пайда болатын қуысты білдіреді.
Қалың киім – жылы киім дегенді білдіреді.
Қалың жұрт – көпшілік,көп адам деген мағынада.
Қалың бет – ұятсыз,тәрбиесіз адам.
Қалың қамыс – су өсімдігінің өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өсуі.
Қоңыр сиыр – сиыр малының түсін білдіреді.(Қара мен қызылдың аралығындағы қою күрең түс)
Қоңыр жіп – жіптің түсі.
Қоңыр дауыс – бірқалыпты ырғақпен айтылған,жайлы үн, дауыс.
Қоңыр салқын – жағымды,бірқалыпты мезгіл.
Қоңыр күз – күздің ауа райы жылы және құрғақ кезі.
Қоңыр қаз – өзен-суларда жүретін қоңыр түсті жабайы қаз.
Қоңыр жел – жанға жайлы салқын жел.
Қоңыр тарту – күреңдену,қоңырлану.
Қоңыр аю – көбіне қалың орманды жерді мекендейтін сүтқоректі жыртқыш;аюдың бір түрі.Қоңыр аю - терісі,майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланатын бағалы аң.