В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Superymniaha
Superymniaha
15.09.2020 09:05 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Ұрлық

Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің үйіне
ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін
көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті.
Бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен
өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді
де, өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал адамға ренжи
бастайды. Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата
оралып жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. Ол түнді өзен жағасында аспандағы
айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. Таңертең үйіне келсе, ұрылар
үйін тонап кетеді екен. Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен
айналысып жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның
үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал
адам сияқты түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады.
Осыдан қала халқы бай, кедей болып бөлінеді. Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді,
бірақ кедейлерге ұрлық істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер
кедейлене береді. Бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да
қояды. Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан ақылдаса келіп, сақшы
жиып, түрме салады.

Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады.
Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы адал адам ғана
өзгермеген еді. Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті.
1. Мәтіннен 1 қоғамдық, 1 тұрмыстық мәселені анықтаңыз.
1.
2.
2. Мәселенің бірін таңдап, бүгінгі заман көрінісімен байланыстыра отырып, өз пікіріңізді
4- 5 сөйлеммен түсіндіріңіз.


3. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз. Жазу кезінде тыныс белгілерін ескеріңіз.
1. Қоғамдағы құқықтық сауаттылықты қалай арттыруға болады?
2. Еліміздегі балалар құқығы қалай қорғалады?
3. Өз құқығын білмеудің салдары қандай болады?
4. Жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың себебі неде?
4. «Мен құқық бұзушылыққа қарсымын» тақырыбына 5 сөйлемнен тұратын эссе
жаз. (5)

Показать ответ
Ответ:
НастяПи
НастяПи
14.02.2023 21:04

В

Көшпелі өмір салтының негізі мал шаруашылығы болды, жаңа жайылымдарды іздеуде адамдар негізгі тұрғылықты жерінен көптеген шақырым жерге қоныс аударды. Көшпелі мал шаруашылығы өзінің тарихының көп бөлігінде ішкі Азия далаларында басым өмір салты болды. Сырттан келген бақылаушылар бұл туралы экономикалық ұйымның қарабайыр нысаны ретінде жиі айтқанына қарамастан, іс жүзінде бұл дала ресурстарын пайдаланудың күрделі мамандануы болды. Алайда, бұл өмір салты айналадағы отырықшы өркениеттерге жат болғандықтан, түсінбеушілік пен түсінбеушілік сөзсіз болды. Көшпенділердің тарихы және олардың айналасындағы аймақтармен байланысы көшпенділердің өздері дәлелдеуді қажет етпейтін ретінде өздерінің қозғалыс циклдерін, мал шаруашылығы талаптарын, экономикалық шектеулерді және негізгі саяси ұйымды қабылдағанына негізделді

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
куся26
куся26
17.08.2020 07:47

Кейбір институттардың, акционерлік қоғамдардың және жеке кәсіпкерлердің белсенділігі нәтижесінде соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерден алынған шикізат мөлшері айтарлықтай артты. Дәрілік өсімдіктерден алынатын препараттарды жасау жолындағы жұмыстардың ауқымы кеңеюде. Әрине бұл бағыттағы жұмыстардың табиғат үшін әсіресе кейбір дәрілік өсімдіктер үшін қауыпты жақтары да жоқ емес. Осыған байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқауын жасады. Ол нұсқау барлық елдердің азаматтары үшін бұлжытпай орындалатын ереже болуы керек. Соңдықтан сол ДДСҰ-ң нұсқауын халыққа тезірек жеткізіп түсіндіру үшін Қазақстанда академик Н.Д.Беклемишевтің басшылығымен біраз маман ғалымдар Рахимов К.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Суходоева Г.Н., Адекенов С.М., Тулемисова Қ.А. Қазақстан республикасының фармакологиялық мемлекеттік комитетінің ұсынысымен және мақұлдауымен 1999 жылы «Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқау» деген арнайы жинақ кітап шығарды. Бұл жинақта дәрілік өсімдіктерді зерттеуге байланысты халықаралық талаптар келтірілген

Объяснение:

жауабы бар
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота