Тапсырма: Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен алынған дәйексөздерге үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін
(тұрмыстық, әлеуметтік мәселені талдап, негізгі ойды анықтаңыз. Өз, көзқарасыңызды жан-жақты
тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Қандай мамандықты оқыған дұрыс – қаржыгер» ме, әлде заңгер ме? Менің жауабым: программист! Әрине,
басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ. Барлық мамандықтың өз орны бар. Барлық
мамандар қажет. Мен 2009 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ЕҰУ-ға «халықаралық қатынастар»
мамандығына грантқа түстім. Бұл мамандық гуманитарлық болып саналады. Ешқандай математика,
физика пәндері бағдарламада болмады. Бірақ езім мектеп» кезінен бастап математикаға бір табан жақын
болатынмын. Студент болып жүргенімде оқушыларға репетитор болудан бастап, құрылыста күзетші
сияқты әртүрлі жұмыстар жасауға тура келді. Студенттік емiр оңай емес ақша табуға тура келеді. Бір күні
достарым маған: сайт жасауға арналған орта деп аталатын оңай бағдарлама бар, соны үйреніп
бастасаң болады», - деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны үйренуге кірістім. Бірде
достарымның бірі маған ұсыныс жасады. Өзі еккерде жұмыс жасайды. Бір сайтын жасап үлгермей жатыр
екен, жасап берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол кун таңға дейін уйыктамай, сайтын бітіріп бердім.
Бұл программист ретінде менің тапқан алғашқы табысы болды. Қуанышымда шек жоқ. Әрі қарайодан да
айлығы жоғары жұмыстарда істедім. Қазірде кішігірім өзімнің сайт жасайтын студиям бар. Today.kz
ақпараттық порталының Т-менеджері болып жұмыс жасаймын,
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Ата қоныс
Ата қоныс дегеніміз - атадан балаға мирас болып қалып отырған, кіндік қанымыз тамған киелі аймақ. Халқымыз "Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат" деп бекерден бекер айтпаған.
Әрбір адамға туған жері, туып өскен өлкесі, Отаны қымбат. Бауыржан Момышұлы атамыз кезінде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" деп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеген.
Туған жер, Атамекенді өлең-жырға қосқан ақын-жазушылар қаншама! Отан оттан да ыстық қой. Ата қоныс жерден жырақта жүрсең, туған жерің қашан да жүрегіңде болады, елге жеткенше асығып, шіркін, көк жайлауым-ай, асқар Алатауым-ай деп аңсамайтын адам жоқ шығар.
Туған жерді ешнәрсеге де айырбастауға болмайды, осы ретте дана халқымыздың "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген нақыл сөздері өте орынды айтылған. Себебі, туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!
Сондықтан менің ойымша, қазірден бастап Елбасымыз айтқандай балалардың, жастардың санасында "қазақстандық патриотизм" яғни отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, бойларына сіңіруіміз керек. Сонда ғана саналы ұрпақ тәрбиелеп, материалдық – рухани игілігімізді, сана – сезім мен төл мәдениетімізді қалыптастыра аламыз. Осындай тәрбие алып өскен ұрпақ келешекте Атамекен атын асқақтатып, Еліне барынша қызмет етіп, өз іздерін қалдыра алады.