В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Браство
Браство
18.03.2023 12:22 •  Қазақ тiлi

-тапсырма. Өлеңдегі ақынның ішкі сезімін білдіріп тұрған фразеоло- гизмдер мен ауыспалы мағынадағы сөздерді теріп жаз.​


-тапсырма. Өлеңдегі ақынның ішкі сезімін білдіріп тұрған фразеоло- гизмдер мен ауыспалы мағынадағы с

Показать ответ
Ответ:
Melika09
Melika09
09.09.2020 19:17

Бата[1][2], бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.[3]

Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.

Аманат (араб.: أمانة‎ ағылш. hostage) - адамның азат етілуіне мүдделі адамдарды, әлдебір талаптарды орындауға көндіру мақсатымен, күш қолдану арқылы ұсталып отырған адам. Мемлекетті, ұйымды немесе азаматты мәжбүрлеу мақсатында жасалып, аманат ретінде адамды ұстап алу мен ұстау немесе аманат адамды азат етудің шарты ретінде қандай да бір әрекетті жасаудан өзін тежеу, қылмыстық заңнама бойынша қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс болып табылады.

Қыдыр, Қыдыр ата, Қызыр (араб.: الخضر‎ [Əл-Хидр, Əл-Хизр] — жасыл адам) —

бір анықтама бойынша, ислам дініндегі пайғамбар. Кейбір дінтанушы ғалымдар оны Ілияс пайғамбар деп жорамалдайды. Құран Кәрімнің Кәһф сүресінде Мұса пайғамбар сапарға шыққан кезде Қыдырға жолыққаны, Алланың оны Мұсаға тағылым үйрету үшін арнайы жібергені жайлы айтылады (66 аят).

екінші бір анықтама бойынша, мифтік бейне. Түркі халықтары мифологиясында Қыдыр бейнесінің астарынан ислам дініне дейінгі және онан кейінгі кезеңде пайда болған екі діни-фольклорлық дәстүр түсінігі аңғарылады.

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан

0,0(0 оценок)
Ответ:
ruslanpavlov8
ruslanpavlov8
29.06.2020 15:48

Менің отбасымда туған күнді қалай тойлаймыз?

Желтоқсанның жиырма тоғызы жақындап келеді. Бұл дегеніміз – біздің үйдің кенжесі, менің кішкентай бауырымның туған күніне бірер күн ғана уақыт қалды деген сөз. Інім Жаңа жылмен қатарлас келетін туған күнін асыға күтуде. Күнделікті ұйықтар алдында «туған күніме бес күн қалды, төрт күн қалды» деп санап жүр. Үй ішімен ақылдасып, барлығымыз туған күннің қамына ертерек кірісіп кеткен болатынбыз, биыл кенжеміздің алғашқы кішігірім мерейтойы, бес жасқа толғалы отыр. Осы жолы тосын сый жасаймыз деп шештік.

Сонымен, әне – міне деп дайындалып жүргенде жиырма тоғызыншы желтоқсан да келіп жетті. Үй ішімізбен ертерек оянып, кенжетайдың оянуын күтіп отырмыз. Соңғы рет барлығын тексеріп алып, дайын отырмыз. Бауырым ұйықтап жатқан кезде әпкем екеуміз балалар бөлмесі мен қонақ бөлмесін шарлармен безендіріп қойған болатынбыз. Анам арнайы үлкен торт пісіріп, үстіне «Кенжетай 5 жасың құтты болсын!» деп жазу жазды. Ал әкеміз болса, ең басты туған күннің сыйлығын алған болатын.

Сонымен, кенжетай оянып, «бүгін менің туған күнім» деп қонақ бөлмесіне кіріп келгенде, барлығымыз шапалақтап, «Тосынсый!» деп, ән айтып, құттықтадық! Бауырым аң – таң болды. Ең қызығы, әкеміз кенжетайдың көптен күтіп, армандап жүрген кішкене күшігін қолына ұстатқанда, бауырымыздың екі езуі екі құлағына жетіп, мәз болғанын байқадық. Сыйлықты дәл тапқанымызға өзіміз де риза болдық.

Кешкісін үйге шақырылған қонақтар келіп, кең дастарқан жайылды. Төрде үйіміздің үлкені атамыз жайғасып, сөздің басын өзі алды. «Үйіміздің кенжесі, еркетайымыздың туылған күні құтты болсын! Ең бастысы денсаулығы мықты болсын! Балапанға бақытты балалық шақ тілеймін! Әжесі екеуміздің көз қуанышымыз болып жүре берсін» деп тілегін білдірді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота