Тапсырма 7. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыз. Менің ... жоғары емес. Менің айлық ... 50 000 теңге. Жыл сайын тауар ... шарықтап өсіп барады. Ұлттық ... мол болса, халықтың әл-ауқаты да арта түседі. Еліңе ... жұмыс істеуге тырыс. Табиғат байлығын дұрыс ... біл көзі
- еңбек. Табыскер- ... айналысатын адам. Ерінбей еңбек етсең, ... да көп болады. ... ойлама, арды ойла. Уақытыңды ... біл. Мемлекетте қағаздардың
түрлері баршылық.
Керекті сөздер: еңбекақы, пайдалы, бағасы, жалақы, пайда, табыс, үнемдей, ақшаң, табыс , пайда, құнды,
пайдасы, биснеспен.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.