Тапсырма №2. Клишелермен лексикалық құрылымдарды қолданып, «Сыры мәлім болған бір құпия...» тақырыбында достарыңа хат жазыңдар. Қойылатын талаптар: • өткен шақта жазу; • төл және төлеу сөзді қолдану; • сөйлем ішіндегі тыныс белгілерді дұрыс қою; • бірінші жақты қолдану; • уақытқа байланысты жалғаулықтарды қолдану; • толық сипаттау; • соңында эмоциялар мен сезімдер жазу.
Телевидение туралы мәлімет
Телевидение сөзі екі сөзден құралған -“tele” - грек тілінен аударғанда "алыс", ал video — латын тілінен аударғанда "көремін" дегенді білдіреді; жаңа латын тілінде televisio — алыстан көру дегенді білдіреді. Телекөрініс – қозғалмалы бейнелерді радиоэлектронды құрылғылардыңкөмегімен тарататын техника саласы. Телебейне таратушы түтік және кинескоп электронды телекөрініс жүйесінде 20 ғасырдың 30-жылдарының ортасында пайдаланыла бастады. Қазіргі телекөрініс жүйесінің дамуы кескіннің айқындылығын жоғарылатумен, оралғыға тұрақтылығын (кабельді телекөрініс) және қашықтығын арттырумен (серіктік телекөрініс) байланысты. 20 ғасырдың соңында цифрлы телекөрініс пайда болды. Қазіргі кезде интернет көмегімен интерактивті телекөрініс (“Тапсырысты телекөрініс”) – телекөрермендердің сұранысын орындау (ҚP-теледидары, TVoҚP, VoD) іске асырылды. Радиохабармен қатар Телевидение – ақпарат таратудың неғұрлым кең қолданатын бұқаралық құралы және ғылыми, ұйымдық, техникалық, басқа да қолданбалы мақсаттарда (мысалы, өнеркәсіп пен көліктегі диспетчерлік бақылауда, ғарыштық және ядролық зерттеулерде, әскери істе, т.б.) пайдаланатын байланыстың негізгі құралдарының бірі болып табылады.