В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Эвелина123412
Эвелина123412
20.09.2022 12:09 •  Қазақ тiлi

Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты тауып, көтерілген мәселені анықтауға арналған сұрақтар дайындаңыз:

Әлемнің ең үлкен кітапханасы
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар
кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор
Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз
құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат
қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпір-түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық
жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар.
Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын
ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз.

Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат

1

2

Көтерілген мәселені анықтауға арналған сұрақ құрастыр:
1-сұрақ
2-сұрақ

2.Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Мекен үстеуді тап:
A) Қасақана істеді.
B) Амалсыздан үйіне жүрді.
C) Қолма-қол тапсырды.
D) Алға қадам басты.
E) Әрең бара жатыр.
2. Сөйлемдегі үстеудің мағыналық түрін тап:
Анамды үйге әдейі алғыздым.
A) себеп-салдар үстеу
B) сын-қимыл үстеу
C) мақсат үстеу
D) мөлшер үстеу
E) дара үстеу
3.Бөлек жазылатын үстеуді тап:
A) тыңда майынша
B) күн ұзақта
C) жазды гүні
D) анда санда
E) сұңқар дайын
4. Сөйлемнен үстеулерді тап: Жиында кілең бүлдіршіндердің ішінен ортаға емін-еркін шығып, өнер көрсеткендері де болды.
A) себеп-салдар, мақсат
B) күшейткіш, сын-қимыл
C) сын-қимыл, себеп-салдар
D) мақсат, мекен
E) күшейткіш, мақсат

5. Үстеу дегеніміз не?
A) Қимылды, іс-әрекетті білдіреді.
B) Заттың сапасын, сынын білдіреді.
C) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.
D) Есім сөздердің орнына жүреді.
E) Қимылдың сын-қимылын, себебін, мақсатын білдіреді.



Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты тауып, көтерілген мәсел

Показать ответ
Ответ:
stanvadrem
stanvadrem
10.05.2022 06:39

ответ: қазақтың ұлттық киімдерінде, оның этникалық тарихы мен қ, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері бой көрсетеді. қазақтың қандай киімі болмасын, онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі хал-ахуалы да суреттеледі. олар пайдаланылуы мен қолданылу ерекшеліктеріне де байланысты топталып отырды. қазақ киімдерінің практикалық, эстетикалық, ғұрыптық және магиялық маңызы болумен қатар жас ерекшеліктері мен кәсіби деңгейіне қарай этноәсер етуші белгілерді де ұстанды. киімдердің мұндай қызметтері дәстүрлі далалық этикалық нормалармен де байланыстырылып, әлеуметтік-тұрмыс мәселесі шеңберінде қарастырылды. қазақтың дәстүрлі киімдерінің ішінде жас ерекшеліктеріне байланысты киімі ерекше саналды. дүниеге келгенде, ол жолдасында туса, онда онымен бірге бақ-дәулет, бақыт келді, - деп сол кезде «көйлегінде туған» деп айтқан. туғаннан кейін, жолдасын алып кептіріп, бақыт үшін сандықта сақтаған. бұл әдет сібірдегі түркі халықтарының арасында да кездеседі [1]. ал тұзды суға шомылдырып, денесі жара болмас үшін және жылы, әрі жұмсақ болсын деген ниетпен қойдың жабағы жүніне аунатып алатын салт болған. сондай-ақ нәрестенің ең алғаш киетін киімдерінің бірі – иткөйлек. ол жұмсақ сисадан не жұқа бәтестен жеңі мен бойын тұтас пішіп, жағасын ойып алатын да, шет-шетін бүкпей, екі жанын қолмен тепшіп жас ң нәзік етіне тігістің батпауы үшін дайындалатын. иткөйлектің етегін бүкпеу әдеті – ң жақсы өсіп, жасының ұзақ болуын тілеген ырымнан туындады. әдетте, иткөйлекті қырқынан шығарғанша кигізген. содан соң оны тәтті дәмге толтырып, ауыл шақырып, иттің басына іліп жіберетін болған. бұл қауіп қатерден сақтаудың және ит тиюден сақтаудың бірден-бір жолы деп білген. ал кейбір өңірлерде, иткөйлектегі тәтті дәмдерді бөліп алғаннан кейін, ол иткөйлектен үш бұрышты бойтұмарлар жасап мойындарына іліп жүретін болған. ең алғашқы қырқын шашты домалақтап, оны көз тимесін деген ниетпен ң киіміне тағып қоятын болған. сондай-ақ бесікке әр түрлі қорғап қолдаушы саналған – үкі аяқ, жылан бас сияқты бойтұмарларды іліп қоятын болған. ң өмірін сақтау үшін, оның киімдеріне де әр түрлі амулеттер тағылды. олардың қатарында үш бұрышты матамен сырты қапталған құран аяттары жазылған бойтұмар, үкі қауырсындары мен тұяғы, сердолик және ақық сияқты асыл тастары бар әшекейлер мен қолына ақ-қара моншақ араласқан көзді білезік тақты. мұндай қасиетті бұйымдар сыртқы тіл-көздің энергиясын қабылдайтын магиялық қасиеті болды деп түсінді. әдетте, 1 жастан 3 жасқа дейінгі ң киімінде ерекшелік болмады.

объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Shmanin32
Shmanin32
06.06.2021 15:33
Отбасы ар адам ушун бир кала сиякты. Оны камкор атамыз баскарады. тарбие береди. улкендердин айтканын истеп курметтеп журсек отбасымыздан еш кашан тыныштык кетпейди.журеги кен атамыз апаларымыз бар болса отбасымызды берекеде болады. акемизге келсек ол узагымызды жакындатып беретин адам киындыкты женилдетип беретин адам. анамыз бар екен ешкимнен кем болмайтынымыз анык. жаман болмайтынымыз анык ойткени еш кайсы бир ана баласына жамандык тилемейди. отбасымызда улкендер бар екен береке бар тыныштык бар. ал синилимиз инилеримизге келсек олар биздин жакындарымыз ар кезде комектесетин адамдарымыз. ертен ертен экемизден кейин бизге аманат болым калатын бауырларымиз. улкейип ар биримиз оз жолымызга ккеткен кезде басымызга киыншылык туссе бирден келип жардем беретин жанымызда болатындар солар. Отбасымызды асрайык абайлайык.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота