Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.
17-жаттығу.
Ребус
1 - бір
лақ " - л
'''керік - ік
Жауабы: бірлік.
Бақыттың кілті – бірлікте.
Бірлік – таптырмас бақыт.Бірлік және бейбітшіліксіз әлемді елестету мүмкін емес.Олар болмаса адамдар бір-бірімен қас болып,әлем алға жылжымай,қоршаған тіршіліктің күйреуіне әкеліп соғар еді."Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман" ғана нағыз бақыттың көрінісі.Бірлігі жарасқан, бейбітшілік сәулет құрған ортада өмір сүру – үлкен қуаныш.
Біздің елімізде қаншама ұлт өкілдері тұрады.Олардың тілі,мәдениеті мен дәстүрі де түрліше.Алайда оған қарамай біз татумыз.Өзге ұлт өкілдерінің тілімізді үйренуге деген құштарлығын көріп таң қаласың.Олар тіпті біздің тілде еркін сөйлеп,небір сөз,өлең оқу додаларында жүлделі орындарды иеленіп жүр ғой.Мен осындай бірлігі мен достығы жарасқан елде өмір сүріп жатқаныма мақтанамын!